ЕРЛІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, аудан әкімі Сәкен Мамытов Досбол ауылдық округы тұрғындары еңбек және Тыл ардагерлері Қалия Хафизова мен Өсербек Қозыбаевтың шаңырағында болып, мерекелерімен құттықтады.
Ғасырға жуық ғұмыр кешіп жатқан әзиз Қалия анамыз ауылдың ардақты әжесі болса, Өсербек қарияны қазыналы ақсақал деп құрмет тұтады. Аудан әкімі Тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, “ҰОС — на 80 жыл” мерекелік төсбелгімен марапаттады.