ҚОР ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
Жуырда Хантауының баурайындағы Биназар батыр кесенесінде Биназар батыр қорының ұйымдастыруымен келелі жиын өтті. Жиынға батыр атындағы қордың мүшелері қатысып, қор төрағасын сайлау мәселесін қарады. Жиында қор төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Сағат Алдабергенов өзінің осы қордың төрағасы қызметін атқарған 16 жыл ішіндегі жұмыстары жайлы есеп берді.

– Қордың мақсаты – Биназар бабаның атын ұлықтау, халқына жасаған жақсылығын, еңбегін дәріптеу, өмірін ұрпаққа үлгі ету, қате жазылған тарихты қалпына келтіру.
Ең бірінші қолға алған ісім «Қызыл ту» атанып тұрған ауылға батырдың інісі Көкжелектің атын беруге атсалысу еді. Қазір ауыл Көкжелек атанып тұр. Бірлік ауылында Батыр бабаға арналған ескерткіш сегіз жыл бойы қоршаусыз тұрды. Айналасына мал жайылды. 2012 жылы ескерткішті қоршап, Батыр баба жайлы қысқаша шежіре жазып, ақын Қадыр Мырзәлінің Биназар бабаға арналған төрт шумақ өлеңін қара гранитке жаздыртып қойдым. Батыр бабаның басын саялы баққа, демалыс орнына айналдыруды қолға алдық. 2014 жылы сол кездегі облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың идеяның, көмегінің, аудан әкімі Болат Мәдікеновтің және ағайындардың бірлігінің арқасында батыр бабаның күмбезін қалпына келтірдік. 360 метр қоршау жасадық. 2016 жылдан бастап Биназар батырға арнап жыл сайын ас беруді қолға алдық.

Бірінші болып Биназар ауылы, екінші Бірлік ауылы, үшінші Айдарлы ауылы, төртінші Көкжелек пен Хантау ауылдары бірігіп ас берді. Әр ауыл азаматтары тек ас беріп қана қоймай, кесене маңын көріктендіруге атсалысты. 80 орындық орын, көпір, қосымша ас дайындайтын үй салынды. Бұл жай ғана болмай, іс-шараларымен есте қалды. Ұрпаққа үлгі болатын дүниелер көрсеткен тағылымды жиын болды.

2025 жылы қазақы үйдің формасында мұражай салынды. Қазіргі кезде осы мұражайға экспонаттар жиналуда. Баба ұрпақтарынан тараған жиендер 17/14 метр қонақ үй салды.
Барлық жиһазы қойылды. Артына күннен қуат алатын батареялар орнатылды. Бұл да батыр бабаға көрсетілген құрметтің, рухын ұлықтаудың бір жарқын көрінісі. Батыр баба кесенесі облыстағы 33 тарихи кесенелердің тізіміне 31-ші болып енген. Туризм маршрутына қойылып, картасы жасалды. Батыр баба туралы романның жарыққа шығуын ұйымдастырдық,- деді Сағат
