Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады

Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылтолуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды.

Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.

Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені — 32 метр.

Әрбір үзінді — әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл — жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға, – дейді ұйымдастырушылар.

Жобаны дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берілген.

 

El.kz ақпарат