Ерлан егістік алқабын аралады
Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «Қызылдихан қожалығы» өндірістік кооперативінің егістік алқаптарында болып, қант қызылшасын егу жұмыстарын көрді.
Кооператив бүгінде 60 гектарға қант қызылшасының «Эйдер» сұрпын егу жұмыстарын жүргізуде. Биыл 300 гектарға арпа, 200 гектарға күздік бидай, 70 гектарға жүгері еккен. Сондай-ақ жаңбырлатып суару жүйесін қолдануда.
Аудан басшысы жер-анаға төккен тер әрқашан ақталатынын айтып, сәттілік тіледі.
Жалпы, аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасыновтың айтуынша бүгінде шаруалар 398 гектарға тәтті түбірді отырғызған.