«WORLDSKILLS ZHANATAS -2025»

«WORLDSKILLS ZHANATAS -2025» атты аудандық мамандықтар чемпионаты өтті
🔰Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтарының жылына орай, жұмысшы мамандарының беделін арттыру және танымал ету, техникалық және кәсіптік білім беруде жастар мен жұмыс берушілерді тарту жүйесіне айналдыру басты мақсат болып табылады.
🔰Осы орайда, бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде «WorldSkills ZHANATAS -2025» атты аудандық мамандықтар чемпионаты өтті. Алдымен келушілер колледждің жұмысымен танысып, алдағы жоспарлар туралы мәліметтер алды. Бүгінде колледжде WorldSkills Kazakhstan ұлттық құрамасының құрамына кіру және елдің намысын халықаралық деңгейде қорғау мүмкіндігі елдің үздік мамандары – WorldSkills Kazakhstan сарапшылар қауымдастығында оқыту және біліктілігін арттыру, еліміздегі ірі компаниялары мен кәсіпорындарының жұмыс ұсыныстарын тыңдау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
🔰Шараға 7 құзыреттілік бойынша конкурсанттар жетекшілерімен бірге қатысып, бақ сынасты. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Президенттің бастамасы жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейтінін айтты. Мұнан соң Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалының директоры Шыңғыс Абдрахманов және Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры Нұрландия Түйтебаева сөз сөйлеп, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды.
🔰Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломмен марапатталды.