1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Байқадам ауылдық округіндегі атшабарда ат тұяғын дүбірлеткен кең көлемді «Құнан» және «Аламан» бәйге жарысынан Сарысу ауданы әкімінің кубогі өткізілді.
Тұлпарларды танытқан бәйгеге Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының шабандоздары қатысты. Бәйгенің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, шабандоздарға сәттілік тіледі.
«Құнан бәйге» жарысына 16 тай қатысып, 9 шақырымда бақтарын сынаса, «Аламан бәйге» жарысына да 16 тай қатысып, 18 шақырымды бағындырды.
Шын жүйріктер сыналған сайыс қорытындысы бойынша «Құнан» бәйгесінде 1-ші орынды Шымкент қаласынан Бейсенбай Серік , 2-ші орынды Жаңаталап ауылынан Сұлтанбек Әуесбек, 3-ші орынды Жайылма ауылынан Каримжан Нұрман, 4- ші орынды тағы жайылмалық Мұстафаев Дархан және 5 — ші орынды Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылынан келген Ақылов Дәурен иеленсе, Аламан бәйгеден 1-ші орын Ермекбаевтар әулеті Т.Рысқұлов ауданы, Жалпақсаз ауылы, 2-ші орын Нұрсейітов Айтжан Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 3-ші орын Бейсенбай Серік Шымкент қаласы, 4 — ші орын Мырзақұл Дінмұхаммед Талас ауданы, Аққұм ауылы және 5 — ші орын Сейдуақұлов Сәбитжан Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылының шабандоздары жеңіске жетті.
Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, арнайы кубок, медальдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай- ақ, жүзден жүйрік шыққан шабандоздарға «Сарысу ауданы әкімінің кубогі — 2025» аттың жабындысын тапсырды.