Бауыржан Момышұлының асыл қасиеті…

💫Бірде Бауыржан Момышұлы мен белгілі ақын Қалижан Бекқожин екеуі қатты ренжісіп қалыпты. Көпке дейін бір-бірімен сәлемдеспей, сөйлеспей жүріпті.
💫Бір күні Жазушылар Одағында үлкен жиын болатын болып, жиналысқа келген ақын- жазушылар бір қатарда отырыпты. Жиынның басталар алдында залға Бауыржан Момышұлы кіреді.
💫Әдеттегідей ол кісі келсе жұрттың назары сол кісіге ауады ғой. Залдың орта тұсында ақын- жазушылар отырған қатарға жақын келіп, бір студентке;
💫— Мен кіммін?- деп, дауыстап сұрапты. — Сіз Бауыржан Момышұлысыз,- деп жауап беріпті студент.
💫— Дұрыс айтпадың, мен кіммін?- деп, қайталап сұрапты.
— Сіз қазақтың аты аңызға айналған батыры, жазушысы Бауыржан Момышұлысыз,- деген судентке қарап дауыстап
💫— Жооқ, сен дұрыс айтпадың, мен қазақтың атақты ақыны Қалижан Бекқожинның ағасымын, — деген екен.
Сол кезде Қалижан Бекқожин орнынан ұшып тұрып,
— Ой, аға, айып меннен, мені кешіріңіз,- деп, құшағын жая ұмтылған екен. Сөйтіп, Бауыржан Момышұлы мен Қалижан Бекқожин екеуі құшақтасып, төс түйістіріп, қайта табысып, татуласыпты…
Желіден алынды