Қытай не себепті Қазақстаннан қой етін енгізуге шектеу қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен жылы не себепті Қытайға Қазақстаннан қой еті мүлде экспортталмағанын түсіндірді.

2018 жылы еліміздің 9 облысынан Қытайға қой етін экспорттау туралы келісім жасалған болатын. Алайда бұған дейінгі АШМ мәліметінде 2024 жылы Қазақстан қой етін тек Өзбекстан, БАӘ, Иран елдеріне шығарғаны жайлы жазылған. Осыған байланысты Kazinform агенттігі министрлікке ресми сауал жолдап, Қытаймен арада не жағдай болғанын анықтады.

— 2024 жылы Қытайға қой етінің жеткізілмеу себебі: 2023 жылы Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы (БКБ) республикада қой шешегі ауруының тіркелуіне байланысты Қазақстаннан мұздатылған қой етін әкелуге шектеулер енгізді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеулерді алып тастауға ұмтылып, ҚХР БКБ-ға шектеулерді алып тастау бойынша өтінішпен ресми хат жіберді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство осы мәселеге қатыс жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

— Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың ҚХР-ға сапарының қорытындысы бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның қызметінің шеңберінде мәселелерді жедел шешуге және талқылаулар жүргізуге бағытталған екі отырыс өтті. Жұмыс тобының отырыстарында шектеулерді алып тастауға қатысты мәселелер қаралып, қой және ешкі шешегі бойынша сауалнама сұралды. Сауалнама бойынша қазақстандық тарап барлық қажетті ақпаратты береді. Шектеулерді алып тастау Қытай тарапының қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес тәуекелдерді бағалауынан кейін мүмкін болады, — делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі былтыр Қазақстан қай елдерге қанша ет экспорттағанын мәлімдеген болатын.

ҚР Энергетика министрлігі КТК-ға жасалған кезекті дрон шабуылы туралы пікір білдірді
Уша Вэнс бастаған АҚШ делегациясы Гренландияға барады
Еріген қар суының салдарынан 3 облыста жол жабылды
Оңтүстік Корея соты премьер-министрдің міндетін атқарушыға импичмент жариялау туралы өтінішті қабылдамады
Песков: Путиннің Трампқа сыйлығы жеке сипатқа ие
10:01, 24 Наурыз 2025 | GMT +5
Қазақстан өткен жылы қанша тонна ет импорттады
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы елімізге әлемнің 8 елінен 160 мың тоннадай ет импортталды. Бұл туралы Kazinform агенттігі жолдаған сауалға Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми жауабында айтылған.— 2024 жылы елімізге жалпы мөлшері 160 мың тоннадай ірі қара мал, қой, жылқы, тауық және шошқа еті импортталды, — делінген хабарламада.

Министрлік берген мәлімет бойынша:

Ірі қара мал еті — 12,3 мың тонна (2023 жылы — 12,2 мың тонна). Негізгі импорттаушы елдер мыналар: Беларусь — 9,1 мың тонна (2023 жылы — 7,5 мың тонна), Ресей Федерациясы — 1,3 мың тонна (2023 жылы – 1,5 мың тонна), Украина – 748,6 тонна (2023 жылы – 1,8 мың тонна);
Қой еті – 31 тонна (2023 жылы – 32,8 тонна), оның ішінде РФ – 27,7 тонна (2023 жылы – 32,8 тонна), Қырғызстан – 3,4 тонна (2023 ж. – экспортталмады);
Жылқы еті – 2,6 мың тонна (2023 ж. – 2,9 мың тонна), оның ішінде негізі елдер: Моңғолия – 920 тонна (2023 ж. – 1 мың тонна), Уругвай – 812 тонна (2023 ж. – 507 тонна), Аргентина – 798,1 тонна (2023 ж. – 1 тонна);
Тауық еті – 135,7 мың тонна, оның ішінде негізі елдер: Ресей – 65,5 мың тонна (2023 жылы – 53 мың тонна), АҚШ – 48,1 мың тонна (2023 жылы – 80,5 мың тонна), Украина – 10,5 мың тонна (2023 жылы – 10,7 мың тонна), Беларусь – 5,6 мың тонна (2023 жылы – 5,5 мың тонна);
Шошқа еті – 7,6 мың тонна, оның ішінде негізі елдер: Ресей — 6,1 мың тонна (2023 жылы – 6,5 мың тонна), Беларусь – 1,5 мың тонна (2023 жылы – 230,3 тонна).
Бұған дейін былтыр Қазақстан қанша тонна ет экспорттағанын жаздық.

Сондай-ақ АШМ Түркия және Еуропа елдеріне ет экспорттау қашан басталатынын мәлім етті.

https://kaz.inform.kz/news/otken-zhili-kazakstan-kansha-tonna-et-importtadi-2f7815

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform