ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРТОП ЭКСПОРТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІНДЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында, 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды.
Осыған орай, Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына енгізілген шектеулер ескертіліп, бақылау күшейтілді. Сонымен қатар картоп экспортына енгізілген шектеулер жөнінде Мемлекеттік кірістер департаментінің шекара қызметіне және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жергілікті бөлімшелеріне хабарланды.





Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі