АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ДОСБОЛ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, бүгін түстен кейін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тұрғындармен есептік кездесу жиыны Досбол ауылдық округінде жалғасты.
Досбол ауылдық округіндегі есептік кездесуде аудан басшысы 2023 жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады.
Өткен жылы Досбол ауылдық округінде де ауқымды жобалар жүзеге асқан. Бұл жөнінде аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ауданда атқарылған жұмыстардың қатарында атап өтті.
Шағалалы ауылында 278,7 млн. теңгеге «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» жобасымен 9,2 шақырым жол жөнделіп,
93,3 млн. теңгеге Шағалалы ауылы газбен толық қамтамсыз етілді. Шағалалы ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды.
Биылғы жылы Досбол елді мекені жанынан Талас өзеніне және Жарма каналының гидропостының құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ, Шағалалы ауылына «Жасыл белдеу» алқабын орнату, Досбол ауылына малдарды бөліну (раскол для животных) алағын орнату жұмыстары жоспарланған.
2024 жылдың наурыз-сәуір айларында «Ауыл аманаты» жобасы Досбол ауылдық округінде жүзеге асырылады деп күтілуде.
Жобаның іске асырылуы тұрғындар табысының артуына, өндіріс пен салық көлемінің ұлғаюына оң әсерін тигізетін болады.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан жайылымдық жер, үлкен және кіші Көкдала ауылдарына газ тарту, асфальт жол төсеу сияқты мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелерді қарап, бақылауға алу үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.
Ауыл тұрғындары ауданда атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға берді.
Аудан басшысы ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайын дамыту, тұрғындардың әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың бар екендігін, бұл жұмыстарды іске асыруға бір кісідей атсалысып жұмыс жасау керектігін айтып, жиынды қорытындылады.