Байзақ ауданында алғаш рет Республика деңгейіндегі «Кітап-Amanat» кітап орталығы ашылды
Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір, яғни руханият ордасының ашылу салтанатына «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығының президенті Әділ Қойтанов пен орынбасары Алмас Ахметбекұлы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары, жерлес ақынымыз Маралтай Райымбекұлы, жазушы-драматург Елен Әлімжан ағамыз бен өңірдің зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.




