ШАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Шақпақ ауылдық округінде «Толеранттылық» тақырыбында этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы ҚХА мүшесі, «Тараз қаласы өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы-Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, облыстың шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің «Аналар кеңесі» мүшесі-Шаметова Роза Рамазановна қатысып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде ксенофобияға, «араздық тіліне», тілдік және этникалық негізде кемсітушілікке жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді.
Жуалы ауданы