АТАСЫ БІРГЕ АТҚА МІН……

Тып-тыныш жатқан ауылға тұтқиылдан жау шауып ел іші азан-қазан болады.

Ерттеулі тұрған арғымағына қарғып мінген жігіт атының артына жалғыз ұлын мінгестіріп шауып бара жатса, жалғыз інісі ағатайым мені де жауға қалдырмашы- деп артынан айқайлап келе жатыр екен-дейді.

Бауырының дауысынан құс еті шығып кеткен ағасы атының тізгінін тартып:”Атасы басқа аттан түс, атасы бірге атқа мін”-деп жалғыз баласын жауға тастап, жалғыз бауырын атының артына мінгестіріп алып кетіпті.

Бүгін осы әңгімені жұртқа айтсаң ертегідей қабылдайды. Алыстан келген жалғыз інісіне қой сойып, құрақ ұшып жүретін аталас атамыз:”Ойбай ертең өлсем, қабіріме түсетін жалғыз бауырым ғой. Бұл түспесе менің бауырым қатпайды. Қабірге қойғаннан кейін қырық қадам жүргеннен соң, бұл құран оқыса жаным жәй табады”-деп отыратын.

Өткенде бір кісілермен дастархандас болып қалдық. Әңгіме арасында бір қалада тұратын туған бауырын көрмегеніне он төрт жыл уақыт болыпты. Соткамнан іздеп көрсем телефон номері жазылмапты. Балама, оның баласына званда десем телефон номерін сақтамаппын-деп отыр-дейді

Сонда ішімнен:” Өзің қажет етпеген туған жалғыз бауырыңды, балаң қайтсін”-дегім келді. “Ағайын араздаспасын. Азары болғанымен, безері жоқ бауырыңмен болмашы дүние үшін араздасып, араласпай кетсеңдер біз мына әкең екеуміз көрде тік тұрамыз”- деген бір таныс әженің баласына айтқан сөзі әлі күнге дейін құлағымның ұшында тұр.

“Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп”-демейме қазақ. Атты да, астыда көбейтетін бауырлардың бір-біріне деген мейірім махаббаты емес пе?

Бауырым! Бауырыңызбен қарым-қатынасыңыз қалай? Соңғы рет бауырыңызға қашан хабарластыңыз? Өлсең бәрі қалатын мына жалғанда, қу дүниенің жетегінде жүріп, уақыт таба алмай жүрсіз бе әлде?

МАҚСАТ СҚАҚОВ.