ТАПТЫРМАС КЕШЕНГЕ КЕЛУШІЛЕР КӨП

Мұнан соң ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Бауыржан Омарбеков бастаған мемлекеттік орган өкілдері аудан орталығындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен салынған әмбебап спорт кешенінде болды.

224 балаға арналған спорт кешенінің құрылысын «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 594 миллион теңгеге жүргізген. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша заманауи спорт кешенінен бөлек, мұнда үлкен футбол, екі кіші футбол, тенис, бокс, күрес, жүгіру, жаттығу алаңдары бар. Кешенде аудан жастары бекітілген кесте бойынша жаттығады. Нысанды аралаған вице-министр:
– Жастарды спортқа мейлінше көп тартуымыз керек. Салауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Олардың спортпен шұғылдануына қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттің негізгі – міндеті. Күн-түн демей жаттығатын спортшылар ертең-ақ елдің қанжығасын майлайды. Сондықтан спортқа ерекше ден қою – маңызды. Бұл орталық чемпиондар шеберханасына айналсын, – деді.

Жамбыл ауданы әкімдігі