Ұлы көш: өткен күндердің елесі

Қазақ елі тәуелсіздік алысымен, тағдырдың тәлкегімен жер жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласы аңсап жүрген ата жұртына ағылды.  Көш басталды…. Ұлы көш!

Шеттен артынып -тартынып ағайын атажұртына  ағылса, тәуелсіздіктің тағы бір  куәсі болып,  байтақ еліміздің хақ төрі Сарырқаның төсіне – Елордамыз Астана жайғасты. Ұлы көш –  «Нұрлы көш» болып жалғасты.  Бұл Алланың рахымы! Тәуелсіздіктің  қазаққа тартуы. Биылғы тәуелсіздіктің 25 жылдық  мерекесі мен қатар, байтақ елдің байырғы иелерін ата жұртына шақырған тарихи құжаттың қабылданғанына ширек ғасыр толады. Ел басы Н .Ә. Назар баевтың шеттегі қандастарын ата жұртына шақырған «Алыстағы ағайындарға ақ тілек»  ашық хаты  1991 жылғы 19  желтоқсанда және 31 желтоқсанда «Атамекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық» — деп шақырған тарихи құжат қабылданған болатын.  Елбасының бұл үндеуі 1992 жылдың 1 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған. Атап айтсақ, Абылай заманынан соң, әлемге тарыдай шашылған қазақтың басын біріктіретін «Ұлы көш»-тің басталғанына  25 жыл. Ендігі сөз, осы 25 жылда тарих тасы қалай домалады.. Көш қандай жетістікке жетті. Сөз сол жайлы.

Қазақ қалай шет жайлап кетті…

Қазақ ежелден   көшпенді халық. Көшіп жүріп, босқан халық. Жоңғар шауып,  ақтабан шұбырындыға ұшырап,  жазықсыз қырылды. Елде ие, жерде кие бар. Жоңғар шапқыншылығы бытыраған қазаққа  бірліктің, қәдір қасиетін сездірді. Хан, билер ауыз біршілік танытып,   хан Абылайдың тұсында жеңіске жетті. Ел арқасы кеңіп, біраз жыл күйлі күй кешті. Абылайдың ақыл парасаты, алғыр ойы, кеменгерлігі, оны Ұлы хан дәрежесіне жеткізді. Жері кең, өзі көшпенді қазақтың жеріне ақ патшаның отаршыл топтары көз алартып, қазақты іштен іріте бастады. Азған уақыттағы мамыражай тірлік ел басқарған ұсақ хандармен, би батырларды зеріктірген болар, өз ішінде ала ауыздық туып, ұсақ түйек айтыс тартыс, өрши бастады.  Кіші жүз ханы Әбілхайыр Ресейге адалдық ант беріп, бодандыққа келісті.Бір шетінен біршетіне айлап, апталап жүріп жететін қазақтың кең даласын, бір тәртіппен басқару қиындығы, бытыраушылықты өршітті. Ұлы жүз, кіші жүздің жартысы Қоқан, Хиуа хандығының қол астында кетті. Бұл ақтаңдақ Абылай хан өлген соң, тіпті асқынды. Ақ патша қазақты дегеніне көндіріп, бөліп алып, биледі. Қара шекпенділер қаптады. Шұрайлы жерді иеленді. Қазақ ығысты. Қазан төңкерісі келді. Ел үрікті, бай манаптар Қытай асты.  Қызылдар жарлы жақыбайды жарылқаймын деді. Жарылқады, бірақ оңынан емес, солынан. Еркін даланың қазағын  бір қотанға тоғытты. Қазақтың игі жақсыларын теріп алып, алдын атып, артын тескен тау өткізіп жіберді.. Қазақтың қаймағы кетті. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деген, шолақ ұран шолтаңдап «Голощекиндік геноцид-қызыл қырғын» етек алып,   қазақтың тең жартысын аштан қырып салды. Тау болып үйіліп қазақтың сүйегі соғыстан емес, озбырлық саясаттың салдарынан  қырылып көмілмей қалды. Ел азды, тозды, қиналды, қырылды, басы ауған жаққа босты. Көрші елдерге қашты… Одан зұлмат, одан қанды соғыс…

Кеткен Керей қайта оралды…

Деректерді пайымдасақ, Абылай ханға, әлде  Арғындарға  өкпелеген қалың Керей тайпасы, жұртын тастап ауа көшті делінген. Бұдан басқа  Керейлерді Жоңғарлардан қалған иесіз мекенге иелік етуге Абылайханның өзі жіберген деген деректе қылтыйады.  Хэнтэй тауы мен Хэрулен, Онон өзеннің жағасын жайлаған Керей, Найман, Меркіт сияқты тайпалар Шыңғыс ханнан ығыса келе осы жерді Жоңғардан бұрын  мекен еткен. Сол үшінде бұл өлкені  Керей лердің ежелгі ата жұрты десе болады. Сондықтан Абылай хан Керейлерді осы жерді иелік етуге жіберді деген уәж, көңілге қонады. Керей Балқаш көлі, Іле аңғарына жетіп,  Жоңғардан қалған иесіз жерге қоныстанды. Бірақ… Күшті алыпта, шалыпта жығады демейме, қазақ. Абылайхан ақылымен алған ата қоныс, Орыс пен Қытайдың  шекера бөлісі кезінде, бұл жердің бір шеті, қытайға  қалды. Күштілер,  қазақтардан жер жайын сұрамақ түгіл, айтпастан шекера сызығын тарта салды. Бір қазақ екі жарылды.   Керейдің аз бөлігі   Қытай жерін жерсінбей Монғол жеріне өтті. Қазан төңкерісі  Қытаймен Монғолды  тыныш қоймады. Бірі қызыл, бір ақ болып соғысқан, орыстың жұрнағы, ел ішін бүлдіріп тынды. Ортада баяғы қазақ қырғынға ұшырады. Керейдің тағы бір бөлігі ауа көшіп, Үндістан, Пакистан асып, Түркияға табан тіреді.  Олардың ұрпағы өсіп өніп, еуропа елдеріне тарады…  Қытай жерінен 1850 жылдардан бастап Монғолияға қоныс аударған керейлер, осында тұрақтап қалды. Олар сонда өсіп өнді. Абақ Керейлер Монғолдың Боғда ханы кезінде барып, қазақ елі тәуелсіздік алғанға дейін сонда қаймағы бұзылмай, кең пейіл монғолдармен мамыражай тұрмыс кешті.  Монғол мемлекеті  Ұлы қаған Шыңғысханнан мұра болып қалған дербес  мемлекет болғанмен, алып көршілерден көп қысым көрген ел. Өткен ғасырдың басында ақ патшаны құлатқан большевиктердің, көмегімен 1921 жылы Халықтық төңкіріс болып, ел билігіне қызылдар келді.. Халқы аз, өндіріс жоқ.  Елдің 80 пайызы көшпенді өмір сүрген монғолдар, кеңес елінің қолтығына кіріуден басқа амалы болмады. Осыны білген кеңестік жүйе  Монғолияны өз қарауындағы республикалардай билеп төстеді. Бірақ, дербестің аты, дербес. Тілі, ділі, діні, қазақтардай бұзылып, азған жоқ. Бірақ, дін «Апин» деп халықтан бездіріп, ғибадатханаларды құлатып, өртеп, діндарларды, айдап асып, қызыл коммунистердің істегенін , оларда істеді. Қуғын сүргін  Сталин қалай өлді, кеңестегідей солай тиылды.  Монғолия мемлекетті қазақтарға жеке қазақ аймағын құрып берді. Бұл игі істің басында монғолдың ұлт көсемі Д.Сүхбат ырдың сенімді серігі Х. Чойбалсынның еңбегі зор екенін, көнекөз  қариялар дың сөзі және тарихи құжаттардан анғаруға болады. Аймақ атауын Баян-Өлгий,  қазақша « Бай-өлке» -деп атаған. Керейлер өткен ғасырдың 1950-1991 жылдары  сырт көзден таса, тиыш өмір сүріп келді. Олар 1989 жылдары Монғолияда басталған жариялылықтың лебінен ата жұрты қазақ елі бары, еске түсіп, санасы оянды. Жабық есіктің екі жағында жүрген діні, тілі, ділі бір қазақтар еркін араласа алмай жүргенде жариялық басталып, есік ашы лды. Қазақтың тәуелсіздік алуы, оларды бей жәй қалдыра алмады. Онсыз да ата жұртына, қазақ еліне көз тігіп отырған ұлт зиялылары, тәуелсіздікті ту етіп, қалайда тарихи отанына жетуге асықты. Іздегенге сұраған, сол кезде алыстағы ағайынды ата жұртына шақырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі жарияланды. Ата жұртқа жетудің қамы басталды….

Қалың қазақты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  атажұртына шақырды…

Ұлы көштің басталуының негізі мен дәлелі 1990 жылдың 25 қазанында бекітілген «Қазақ КСР-ның егемендігі туралы декларацияда шеттегі қазақтар атамекенге оралуға толлық құқылы» деген бап енді. Ол бапты 1991 жылғы 16 желтоқсандағы  «ҚР-ның тәуелсіздігі туралы»  заңда бұлжымастай етіп қайтадан  бекітті. Бұл Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев және ел басқарған ағалардың кемеңгерлігі еді. Желтоқсанның 19-шы жұлдызында Ел басы Н .Ә. Назарбаевтың шеттегі қандастарын ата жұртына шақырған «Алыстағы ағайындарға ақ тілек»  ашық хаты  жарияланды. Шеттегі  қазақтар бөріктерін аспанға атып, тарихи отанына оралудың қамына кірісті. Екі қазақтың басы қосылса әңгіме желісі, ата жұртқа жету   болды. Оның жолыда табылды. Монғолияда жариялықпен бірге нарық басталып, жер жерде қысқарту, жекешелендіру болып, кәсіпорындар тоқтап, тұрмыс тоқырауға түсті. Осы кез Ұланбатардағы қазақ  зиялыларына Қазақстанға жұмыс күшін шығару туралы  ой    туындайды. Осы мақсатты іске асыруды Монғолия Еңбек министірлігінің тапсырмасымен Қазақстанға іссапармен келген Сағат Зақанқызы қолға алады. Соның нәтижесінде, 1992 жылы Қазақстан Республикасымен Монғолия үкіметі арасында үкімет аралық келісім шарт жасалады. Бірінші кезекте, қазақ көп шоғырланған Талдықорған облысының шаруашылықтарына құрылысшы, малшы мамандарын әкелуге, еңбек шарты жасалды. Осылай Қазақстанға еңбек шартымен саны шектеулі жұмысшы жіберу мәселесі шешіліп, құжаттарын дайындауға Монғолия мемлекеті  рұқсат береді. Осы аз топтың Қазақстанға аттануы, Ұлы көштің бастамасы боларын «Алладан» басқа ешкім білмеген еді. Қазақстанға адамдар жіберілетін хабар Монғолия астанасы Ұланбатырдан шығып, елге тарайды. Қазақстанға барам деушілердің саны күрт өсеіп, жазылу басталады, Құжат тапсыру, ұзын  сонар кезек, тапсыра алмағаны, қонып жатып кезек күтіп құжат тапсырып жүрді. Осы құжаттандыруды бірінші болып қолға алып, басы қасында болған Ботагөз Уатханқызы болатын. Көштің басталуы на себепкер болған тұлғалар болды, бірақ көш басталғанда, олар шеттеп кетті. Көш тізгінін ұстап, алыстағы ағайындарына жағдай жасайтын жастар өсіп жетілді.  Атын атап, түсін түстесек, ұзын әңгіме… Елім, жерім дейтін азаматтар қарасы жетіліп келеді..

Көш басталғанда, шеттегісі атажұртқа жетсек, іштегісі шеттегі қандастарды әкелсек болды деген, құр қияли ойдан басқа, көштің арты не боларын ойлауға мұршалары жетпегеніде рас. Қәзірде, бұдан бұрында, осы кесіп пішкен ой сана болмағандықтан, көші-қон тоқырауда тұрғаны баршаға  белгілі. Бірақ, біз енді ғана етек жеңімізді жиып, осы жылдары  жоғалтқанымызды түген деп, кемшілігімізбен, жетістігімізді саралауға қол жеткізген  жас буын елміз.  . Алладан үміт күтіп, сенімге селкеу түсірмеген қазақпыз… Келешек әлі, алда..

Ұлы көштің қадамы қалай өрбіді?!

Көш — тәуелсіздіктің төл құрдасы.  Алғашқы көш 1991 жылдың 17  наурыз ында  Ұланбатырдан аттанып 21 күні  ата жұртына атбасын тірепті. Олар Талдықорған, Алматы, Павлодар, Қарағанды сияқты қазағы мол ортаға қоныс танды. Қабылдаған совхоздар баспана, көмек ақша беріп, алдарына мал сал ып,жұмыс берді. Ол кез Кеңестің жүйенің көбесі сөгіле бастаса да, дүниенің мол кезі еді. Келген ағайындар еш нәрседен тарықпады. Бірақ, «Бір тоқтың, бір аштығы бар» деген. Нарық басталып, ел жұтады. Өтпелі кезең ылаңы, келген ағайындардыңда өзегін өртеді.  Бірақ отаным, ата жұртым деп келген ағайын , жергілікті халықпен бірге, тағдырдың  ыстықпен, суғын бірдей көнді. Көш жайлы 1993 жылы арнайы заң қабылданып, Еңбек министрлігінде көшті реттейтін департамент құрылсада, одан жөні түзу іс шықпады, нарыққа шыдас бермеді. Көшті жетілдіру үшін, қолданыстағы заңды өзгертіу көздел ді. Еңбек миністірлігі жаңа заң  жобасын 1997 жылдың аяғында мәжіліске әкелді. Бұл жоба, шеттегі қандастардың мүдесіне сай келмеді. Заңға мәжіліс депутаты Ә. Ысқақ бастаған оралмандар тобы  балама жоба ұсынды. Үлкен тартыспен оралмандар жасаған жоба  қабылданды. Бұл заң қазақ елінде қазақша жазылған, қазақ ұлтының мүдесін қорғаған, тұңғыш заң болды. Заңға сай Көші-қон агенттігі құрылды. Төрағасына З.Тұрысбеков тағайындалып, жедел іске кірісіп «Этникалық қазақтарды көшіру» тұжырымдамасын жасады. Тұжырымдамада оралмандар ды ағайын-туыстарымен бірге қоныстандыру, алдымен іскер жандарды әкеліп, үй-жай салып, артынан отбасын әкелу сияқты ыңғайлы жобалар қамтылды. Агенттік оралмандар дерегін жасап, оралмандарға 1998 жылы 4700, 1999 жылы  900 млн. теңгеге, 2000-2001 жыл аралығында 4080 баспана сатып алып берген. Осыдан  Көші-қон агенттігі ораған алғашқы жылдары өте қарқынды жұмыстағанын көреміз. Сол кездегі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Нағманов облыс бюд жетінен қаржы бөліп, 2001-2002 жылдары ауылдан 367, облыс орталығы нан 57 отбасыға үй беріп, басқаларға үлгі  көрсетті. Бұл жақсы үрдіске Сол кез дегі Павладор облысының әкімі Д .Ахметов, Қарағанды облысының әкімі К. Мұхамеджановтар үн қосып, көмектескен болатын. Бертінде шетке қашып кеткен, күйеу жігіт Храпуновтың өзі, Алматы қаласының әкімі тұрғанда оралмандарға 50 пәтер  бөліпті. Көш басталған 8 жылда  15 мың адам азаматтыққа қолы әрең жетсе, 2000 жылы 100 мың адам Қазақстан азамат тығын алғаны зор жетістік болды.  Азаматтық алу мәселесі, туған елінің азаматтығынан шықпаған жағдайда, екінші елдің  азаматығын қабылдау мүмкін болмады. Осыған дейін Монғолиядан келеген 70 мыңдай адам азаматтық ала алмай 10 жыл жүргені түбегейлі шешілді. Бұл мәселені Елбасымыз Монғолияға барған сапарында, тікелей өзі араласып шешкен болатын. Елбасымыз Ауғаныстандағы қазақтардың қиын жағдайына алаңдап, сол елдегі қандастарын Ауғаныстанмен шекаралас елдердің жабық тұрған әуе кеңістігін 24 сағатқа аштырып жүріп, елге әкелгені Елбасымыздың беделі, ұлтына деген сезімі, қажыр қайратының ерекшелігі деп түсіну керек. Елге Монғолия қазақтарынан кейін Қытай, Түркия, Иран, Ауғаныстан, кейінірек  Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан  қазақ тарының көші басталды. Сырттағы қазақ диаспорасының жас өкілдерін атамекенінде оқыту жүйесі 1994 жылдан бастап қалыптасып,  бір жүйеге түсе бастады. Көшіп келгендерге 2000 жылдан квота қабылданып, сол жылы  500 отбасыға бекітіліпті. Квота жыл сайын өсіп  2007 жылы 20 мың отбасыға жетті. Бірақ, көште келеңсіздік жайлады. 2011 жылдан көштің ілгері кеткен аяғы, кері кетіп 2013 жыл көш тоқырады… Бүгінгі күні жанданбақ, бірақ сең әлі қозғалған жоқ..

Қазақтың жан саны қалай  өсті?

Тәуелсіздіктің алғашқы 1991-1992 жылыдары Монғолиядан 61609 қазақ көшіп келіпті. Республикадағы халық саны 1992 жылы 17 милионды құраса, қазақ ұлтының үлес салмағы 41,7 пайыз, яғни 7,2 млн  екен. Бұл үлес 1963 жылы 29,3 пайыз болса, құдайға шүкір  бүгінгі таңда 64 пайызды құрап отырмыз. Әлемдегі қазақтар саны 1992 жылы 10,5 млн. болыпты. Салыстыру үшін айта кетсек ХХ ғасырдың басында 7 млн қазақ болса, оның 4 миллионы аштықтан және қызыл империяның басқада құйтырқылығынан болып жойылып кетсе керек. Нәубеттерді жылмен берейік. 1916-1918 жылғы патшаға қарсы көтеріліс, 1931-1932 жылғы «Асыра сілтеу болмасын-аша тұяқ қалмасын» деп, тарихта қалған ашаршылық, яғни Голещекиннің кіші октябр жасаймын деген, қолдан жасаған гонециді, 1932-1937 жылдарғы қазақты құрту үшін қазақтың қаймағын  жойған науқан, 1941-1945 жылғы қанды соғыс қазақты қынадай қырып кетсе керек. Қызықта, бүгінгі күні естігенде өкінетін  дерек 1897 жылы  қазақ 6 млн, өзбектен 2 есе көп болыпты. Қәзір өзбектер 20 миллионның жуан ішінде. Егер қолдан жасалған зұлматтар болмаса қазақтың саны бүгіндері 30 миллионға жетпек екен. Ал 2002 жылы ел ішіндегі қазақ саны 9, әлем бойынша 12.2 млн болыпты. Соңғы   дерек бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 16,2 млн, қазақтардың үлес салмағы 63,6 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 1999 жылы 53 пайыз болыпты. Осы онжылда қазақтың саны 10 пайызға өсуі әрине шеттен келген қандастардың  зор үлесі. Жалпы тәуелсіздік жылдары  1 миллионға таяу, нақтысы 260 325 отбасы жан басына шаққанда 955 894 этникалық қазақ көшіп келді. Осы оралған ағайындардың 61,6 пайызы Өзбекстаннан, 14,2 пайызы Қытай, 9,2 пайызы Моңғолия, 6,8 пайызы Түркіменстан, 4,6 пайызы Ресей Федерациясынан, 3,6 пайызы басқа елдерден келіпті. Оралғандардың ішінде ғылым дәрежесі бойынша 74 доктор, 213 кандидат,  44 мыңға тарта жоғарғы және аяқталмаған жоғары білімді, 93,6 мың арнаулы орта білімді азаматтар бар. Зейнет  жасындағылардың саны 4 пайызды  құрайды екен.

Өткен  жылғы зор қуаныштың бірі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының  қабылдануы. Заң да этникалық көші-қонға байланысты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Оралман мәртебесі, азаматтық алу мәселесі бұрынғыдан жеңілдетіліп, әлеуметтік жеңілдіктер, аталған өңірлерге басымдықпен қоныстандыру қарастырылыпты.  Ол  үкімет қаулысымен айқындалмақ. Шеттегі қандастар үшін шекара ашық. Келемдеушілерге кедергі жоқ. Келген ағайындар Қазақстан халқымен бірдей әлеуметтік жеңілдіктерге және көшіп қонғаны үшінгі қаржылай көмектермен қатар, баспанамен қанымдауда басымдыққа ие. Қәзіргідей алмағайп заманда қазақ елі, , іргесі берік, іргелі ел болып  нығаюуы, өркендеуі, тәуелсіздігі үшін қазақтың бір отанда топтасуы қазаққа ауадай қажет. Сол үшін сыртағы қазақ ата жұртына ат басын бұрып ағылса, іштегі қазақ айналайын ағайын деп, құрақ ұсшып, жұмырықтай жұмылса, мемлекетіміздің іргесі берік, шаңырағы бекем ел болары даусыз.

Тарыдай шашылған қазақтың басын қосқан жиын

Әлем қазақтарының құрылтайын шақыру идеяасы Елбасы Түркия Республикасына барған сапарында туған екен. Елбасы Стамбул қаласында қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу өткізеді. Осы кездесуге Монғолиядан Туркияда іс сапармен жүрген Монғолия қазағы Сайран Қадырұлыда қатысады. Ол, елбасына әлемдегі қазақтардың басын қосып құрылтай өткізу ұсынысын айтады. Елбасы бірден қолдайды. Міне, құрылтай өткізу идея осылай өмірге келген. Әлем қазақтарының тұңғыш құрылтайы 1992 жылы Алматы қаласында  болды.  Құрылтайда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып  Төралқа төрағасына Н.Ә.Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасарына жазушы Қалдарбек Найманбаев  сайланады. Тәуелсіздік жылдары Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы 4 рет болды.  Екінші құрылтай 2002 жылы ұлтымыздың рухани астанасы Түркістан қаласында өтті. Үшінші құрылтай 2005 жылы елордамыз-Астана қаласында болды. Төрағаның бірінші орынбасары Қ.Найманбаев дүниеден озғандықтан, орнына Талғат Мамашев сайланады. Соңғы төртінші құрылтай 2011 жылдың мамыр айында екінші рет Астана қаласында өтті. Құрылтайға 700 өкіл қатысты. Содан беріде аттай 5 жыл өтіпті …

Үні таза, сөзі шұрайлы қазақ тілі,

Қаймағы бұзылмаған салт -дәстүр !

Шет елдегі қазақтардың ата жұртына әкелген құнды байлықтарының негізгісі-ана тілі және салт дәстүрі, қол өнері, әдебиеті деп шұбырта беруге болады.Ата жұртына оралған қандастар дайын асқа тік қасық болып қарап жатпады. Шама шарқы , әл қуатына сай өмір сүріп жатыр. Ерте келгені, артынан келгеніне өзінше көмек қолын созып жүр. Зиялы азаматтарын ағайындарына көмектесу үшін қоғамдық ұйымдар құрып, нәтижелі жұмыстап жүргендер аз емес. Республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігі құрылып ағайындарына көмек қолын созды. Қоғам 2001 жылдан бастап Алматы қаласындағы оралмандарға жер телімін алып беруді ұйымдастыру арқылы «Байбесік» ауылын орнатқан. Қәзір Астана қаласынан жер телімін алып, оралмандарға баспана  салуды қолға алыпты. Үлкенді кішілі, игі істер атқарып жүрген қоғамдық ұйымдар тізбелесек жетеді. Ата жұртының тәуелсіздігіне үн қосып, үлес беруге келген қандастарымыздың жетістігін межелей кеткенде жөн болар. Елге оралған әр қазақтың тәуелсіздікке берген үлесі әр түрлі, әр қилы. Түк үлес қоспағаны, қазағын іздеп келіп, қазақ болып, бір қазақ екеу болғаны. Игі жақсылардың  басын діндар, құранды қазақ тіліне аударған ғалым, жазушы  марқұм Халифа Алтаймен  ел таңбамыздың  авторы Жандарбек Мәлібековпен бастағанымыз жөн. Тәуелсіз елінің игілігі үшін аянбай тер төгіп жүрген ғалым, ұстаз. дәргер, спорт, өнер жұлдыздары бүгінгі таңда жетерлік. Қазақ тілді теле дид ар, газет жорналдың бәрінде  тілі жаттық, сөзі шұрайлы шеттен келген  жур налистерді көріп мақтан тұтасың. Баспа сөздегі қазақ тілді төрт  тілшінің бі реуі шеттен келген ағайындар…Бұл сапа жетіліп, сан көбеймесе азаймайды..

Ауылым қонды кербез сұлу  Көкше бауырына… немесе өзім келген өңір жайлы …

Ақмола, Көкшетау өңіріне алғашқы көш 1992 жылы келді.  Сол жылдары Көкшетау облысының Еңбекшілдер, Ленинград, Ленин, Қызыл ту аудандар ына келіп қоныстанды. Келесі жылы «Азат» партиясының белсенділері Ж,Қасымов, Ж, Темірхан бастатқан ұлтжанды азаматтар, өздері әдейі барып, Монғолиядан зиялы қауым өкілдерінен 8 отбасы әкелді. Оларды облыс орталығы Көкшетау қаласына орналастырып, қызмет беріп, баспаннамен қанымдады. Сол келгендердің ұрпақтары өсіп, өніп, қазақ еліне жемісті еңбек етіп жүр. Сол лекпен келген Құрмет Сахайұлы елге танымал сазгер, Республикалық өнер байқауының бірнеше мәрте жүлдегері атанды. Ағайындарға көмек қолын созатын Солтүстік өлкелік  «Аңсап» қоры 1997 жылы құрылып, қиналғанға ақылшы, тарыққанға сүйеу болды.  Қор  күні бүгінге дейін ағайындардың шет тілде жазылған құжаттарын мемлекеттік тілге аударып, рәсімдеп, жайлы қоныстануына шамасынша көмектесуде. Осы қордың шақыруымен келіп,  қазақтың ұлттық қол өнерін дәріптеп жүрген К.Смағұлқызы қол өнер туындысымен елге танылып, Халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда жүлде алып, өз білгенін жас ұрпаққа үйретіп жүр. Жас сыбызғышы Бауыржан Мұқамедбай «Аңсап» қорының қолдауымен музыка мектебін бітіріп, қәзір Республикалық  «Ақжауын» ұлт аспаптар өркестірінің белді саз шебері.  «Аңсап» қорының өтінішімен «Көкше» университетінің ректор-қожайыны Ж.Қасымов 1998 жылы, университет жанынан қазақ бөлімін ашып, оралмандардың баласын сол кездегі жаңа басталған  нарықтың десіне шыдас беріп, тегін оқытқаны, қандастарымыздың  келешекке деген, үмітіне  жол салған игі іс болды… Алғашқы көшті бастап келген Қуан Тайшабар, Шаяхмет Бұрханұлы  сияқты ұлтжанды азаматтар , ата жұртынада біраз еңбек сіңірді. Хуан Тайшабар ағамыз Монғолияда аудандық партия комитетін басқарған адам. Жасы келседе  қарап отырмай ағайындарына ақылшы ұйтқы болып жүр. Шахматтан, дойбыдан облыс, аудандық  бәсекелерде топ жарып, бірнеше мәрте   чемпион атанды.Абыз ақсақалымыз Монғолия және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы – журналист  Баят Жанатұлы  ақсақалымыз жасы келседе, ата жұртында қалам тербеп, бірнеше кітап жазып, облыстық газетте журналист қызметін атқарды. Республикаға танымал сазгер Хұрмет Сахайұлы, ақын- жазушы Ерболат Баятұлы сияқты өнер иелеріде жаза берсе  жетерлік. Осындай құрмет тұтар азаматтар көп… Ақмола өңіріне 2015 жылдың соңғы мәліметі бойынша, он мыңға тарта отбасы,  жан басына шаққанда 45 мыңнан астам қандасымыз келіп орналасыпты. Бұл сан аздау сияқты. Тек, Қоянды ауылында 20 мың оралман тұрады.  Соңғы жылдары көш тоқырасада Ақмола өңіріне 2014 жылы 64 отбасы 122 адам, 2015 жылы 165 отбасы 349 адам келген, соңғы жылы, келушілер саны артқаны сезіледі. Бірақ, бұл қанағат тұтар сан емесі белгілі. Келгендерді білім, маманына сай сараласақ,  екі ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты 3421 жоғарғы, 7304 арнаулы орта білімді мамандар бар. Бұлардың 1228 медицина, 2208 білім, 63 мемлекеттік қызметте, 591 өнер саласында  қызмет атқарса, 166 адам кәсіпкерлікпен айналысады екен. Елбасымыздың бастамасымен «Нұрлы көш» бағдарламасы қанат жайып Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау  және біздің облыста оралмандарға арналған әсем қалашықтар бой көтерді.Солардың бірі,Көкшетау қаласының Красный яр кентінде салынған «Нұрлы көш»  ауылында 250 отбасы қоныстанып өмір сүріп жатыр.

Түйін: Тәуелсіздіктің арқасында бұл көш бұрынғы көштерден өзгеше түрге еніп, «Ұлы көш» атанды. Әлемдегі шетке шашылып кетен қандастарын отанына жинап жатқан үш елдің бірі болып, тарихтан орын алдық. Бір мил лионнан астам қандастарымызды ата жұртына жинап, елдегі қазақтың үлесін 67 пайызға жеткіздік. Санымыз өсіп, санамыз оянып, еркін ойлы азат қазақ болып, қәуіпсіздігімізді нығайтып, тұғырымызды тұрақтандырдық. Дініміз қайта оралып, тіліміздің мәртебесі өсіп, өркендеп келеді. Қәзірде 5 млн.   қандасымыз шетте жүр. Тәуелсіздігіміз баянды болып, сол қандастарымыз дың бірін қалдырмай елге оралтып, береке бірлігіміз артқан, іргесі мықты ел болуды «Аллаһ » нәсіп етсін. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты, көш көлікті, еліміз берекелі  болсын! Көштің жайын толғап, қозғай берсек таусылмас. Соңғы жылдары тоқырауға ұшыраған «Ұлы көш» жуырда қабылданған «Көші- қон» заңының шарапаты мен қайта жанданады деген, үміт зор.  Осы үміттің ақталуы үшін төмендегі игі істерді атқарса нұр үстіне нұр болады деймін.

  • Көші–қон» заңына өзгеріс енді, оңтайланды, көпке созбай, заңның тиімділігін артыру үшін, ереже, бағдарлама жасап, бекіткен  жөн.  1997 жылы Көші- қон комитетін З.Тұрысбеков басқарып тұрғанда жасалған «Этникалық  жылы қазақтарды көшіру» тұжырымдамасы іске аспай қалғаны болмаса, өте тиімді, оңтайлы еді. Сол тұжырымдаманы тағы бір қарап, өтсе артық болмас.
  • «Көші қон» қорын құрса, көшіп келушілерге барлық жағынан  тиімді.. Қор құру жайлы қаншама рет бастама көтерілседе, орындал май келеді.
  • Отанына оралушыларды біріккен тәртіппен ағайын, туыс, ауыл аймағымен әкеліп, бір ауыл, ауданда қоныстандырса, нәтижесі зор.
  • Байлығы тасып, атақтарын ат көтермей жүрген бай бағыландар, байлығының аз бөлігін болсада, қорға салса, немесе шеттен келген ағайындарға баспана беріп, жұмыспен қанымдаса, қоныстануына сәлде болса жағдай жасаса, елдің ертеңі мығым, іргес берік болары даусыз.
  • Мәжіліс тарап әр сатыдағы мәжіліске депутат сайлау науқаныда басталды. Осы сайлауғада шеттен келген ағайындар атын ұсынса, елі қолдаса, парламентте, облыс, аудандық мәслихаттарда ата жұртына келген ағайындар отырса, елдің өркені, келгендердің мұң мұқтажын билікке жеткізуде оң қадам болар даусыз. Осы жайдыда ел болып ескерсе, игі іс болар еді.
  • «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — әр қазақ елінің ертеңіне алаңдап, жұмылған жұдырықтай берекешілдікпен,«Ұлы көшке» ат салысса жолына нұр жауады.

Дахан Шөкшир