Тексеру нәтижесі Таразда экологиялық ластаушы заттардың жоқтығын көрсетті

11 маусымда сағат 20:00-де Тараз қаласында орналасқан «Қазфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалы зауытында абсорбердің моногидратты сорғысының істен шығуы себебінен қаланың ауа бассейніне ластаушы заттардың, шығатын газдың, яғни күкірт триоксидінің авариялық шығарылуы орын алды. Болған апат туралы жедел ақпарат алған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің мамандары Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп атмосфералық ауаның сынамасын алып, фактісін анықтады.
✅ Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында департамент басшысының міндетін атқарушы Латыпов Арсен Хасенұлы айтты. Оның сөзінше, сағат 21:20-да Сүлейманов көшесі бойындағы зауыттың санитарлық-қорғау аймағына алғашқы өлшеу жүргізілді, онда фторлы сутегінің 7,5 есе артқаны анықталды. Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ.
❗️ «Сондай-ақ сағат 22:05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас ластаушы заттарға өлшеу жүргізілді, ластаушы заттардың артуы болмаған. Зертханалық аспаптармен қайта жарақтандырылып, сағат 23:00-де polar газ анализаторын тексеруден алып, департамент қызметкерлері Кәсіпкерлік кодексінің негізінде жоспардан тыс тексеруге барып, кейін прокуратура органдарында «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» ТФ тексеруді тіркеуден өткізіп, онда 12 шілде сағат 00: 05-те күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізді. Алайда өлшеу кезінде цех жұмыс істемеді, онда тазарту (продувка) жүргізілді, ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ», — деп атап өтті спикер.
©️©️©️
«Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалының ақпараты бойынша, 11 шілдеде бекеттерден ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрация артуы байқалмаған, бұл AirKZ мобильдік қосымшасында және ұйымның сайтында расталады.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
#ӨКҚ