БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР………

Атақты Жетес би бала күнінде тоқсандағы Төле бимен кездесіпті. Сонда Төле би әңгімені әріден бастап:«Бата – басқа, қына – тасқа, ақыл – жасқа бітеді. Не қалайсың, балам?»– депті.

Болашағынан көп үміт күттіретін бала Жетес: «О, қасиетті баба, ат берсеңіз,өліп қалады, тон берсеңіз, тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет-бата айтсаңыз, соған шексіз ризамын» деп тізесін бүгіп, бата алмақ ниетте қол жайыпты.

Баланың талабына сүйсінген тоқсандағы Төле би:
«Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдіңданасы бол!
Біртонныңжағасыболма,
Көп қолдың ағасы бол!
Өзіңе кәміл, халқыңа әділ,
Жауыңа қатал, досыңа адал бол!» — деп бата берген екен.

Иә, бата беру дәстүрі – атадан-балаға мирас болып келе жатқан жақсылық-шарапаты мен тәлім-тағылымы мол игі іс саналады.

Алашқа ақыл айтатын, жұртқа жол көрсететін, басшыға бағыт сілтейтін, бөліп-жарып алалауды білмейтін, өмірінде құлқынының құлы болмаған, саналы ғұмырында халқының ұлы болған, отызында орда бұзған, қырқында қамал алған, елуінде елге аға, алпысында жайлаудай жұртына жаға болған, жетпісінде желкенді кемедей желдің бағытын алдын-ала біліп, өмір теңізінде еркін жүзе білген, сексеннің сеңгірінде саламат пен салауатты ұштастырып, сенімді сөз саптаған абыз ақсақалдарымыз бата беру дәстүрін жаңғыртып келеді.

Жаратқанның жарылқауы болсын, Аллаға мың да бір шүкіршілік! Баршаңызға абырой-амандық тілеймін! Жауынмен жеріміз, ақ батамен еліміз көгерсін.

Ақтөре Ибрагимұлы.