ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР
Талас ауданында каратэ спорт түрінің дамуына үлес қосқан Шымырбай Серимовты еске алуға арналған каратэ киокушиннан облыстық ашық турнир өтті.
♦ Турнирге облыс аудандарынан келген 2005-2014 жылғы жас каратэшылар қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Талас ауданы әкімінің орынбасары М.Уристенов облыстық турнирге келген жас спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
♦ Жарыс қорытындысы бойынша 8—17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар жас ерекшеліктеріне сәйкес, әртүрлі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, мықтыларды анықтады.
☑️☑️☑️ Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі