Жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Мамытовтың төрағалығымен 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы штаб отырысы өтті.
Күн тәртібінде қалалық қазандық, Жаңатас қаласының және спорт саласына қатысты нысандардың 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы бойынша 3 мәселе қаралды.


Штаб отырысына қатысушылар өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары, көпқабатты тұрғын үйлердің құбырларын зерделеу, «Қалалық қазандықтағы» негізгі қондырғылардың жылыту маусымына дайындығы, көпқабатты үйлердегі құндық нысандағы шығындарды (калькуляция) есептеп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Тоғызкент, Әбілда, Досбол ауылдық клубтарына газ құбырғысын жалғау жұмыстары жайында ақпарат берді.

Сәкен Үмбетұлы Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындау, барлық нысандарға қатысты ұйымдардың қатты, сұйық және көгілдір отынымен қамтамасыз етуді, нысандарға қажетті қатты отынның сапасын қарау (сертификаттарын) және уақтылы тасымалдауды қадағалауды, 2022-2023 жылыту маусымына дайындықты іс-шара жоспарына сәйкес жүргізуді тапсырды.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі