Жолдауда жүктелген міндеттер түсіндірілді

Сарысу ауданы әкімінің өкімімен құрылған ақпараттық топ мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында жүктеген міндеттерін түсіндіру барысында Байқадам ауылдық округіне қарасты Саудакент ауылының тұрғындарымен кездесті.

Күн тәртібінде белгіленген тәртіп бойынша топ жетекшілері Жолдаудағы басым бағыттардың басты құндылықтарына тоқталып, баяндама жасады.


Кездесуге 64 тұрғын қатысып, көкейде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Айта кету керек, ақпараттық топ мүшелерінің жұмысы ауданның барлық аумағын қамтитын болады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі