Жігіттер біздің жеңімпаз

Химия пәні бойынша Ресейдің және еліміздің ең мықты деген 66 қатысушысы бақ сынаған халықаралық А.Б.Бектуров олимпиадасына Павлодар қаласына барып қатысқан лицей оқушылары құр алақан емес. Қарағанды облысының абырайын қорғап, жүлделі орындармен оралды.      11-сынып оқушысы Тишқұл Мұрат «Алтын медальды», Алтаев Нұрсұлтан «Қола медальды» еншілеп, қанжығамыз майланып келді.IMG-20160418-WA0012

Алматы қаласында өткен информатика пәні бойынша халықаралық «INFOMATRIX» сайысына лицейіміздің 11-сынып оқушылары қатысты. Роботикс категориясы бойынша Шакаев Адиль, Шакентаев Айбек «Гран-При», Тұрсын Дарын, Бейсенов Данияр – «Күміс медаль», Қажыев Жахангер, Ерганатов Руслан – «Күміс медаль», Дүйсенбай Рамазан, Қасқатай Айбар – «Қола медаль», Едрисов Мадияр, Досжан Диас – «Қола медаль»,  қысқа бейнефильм категориясынан Башпай Ернұр, Абенов Айбек – «Күміс медаль» иегерлері болып келді. Жыл сайын өтетін бұл сайыста биыл біздің жігіттер жылдағыдан да көп жүлдеге ие болғанымен мақтанамыз. Ұстаздарымыздың жемісіне табыстар тілейміз.

Ақсәуле Шамурадова

№1 Қарағанды қазақ-түрік лицейі