«Жігер» клубының тәрбиеленушілері грэпплинг бойынша 10 медаль иеленді

 

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында «AIGA» атты грэпплинг бойынша І-ші ашық облыстық чемпионаты өтті, ол 2019 жылдың 23 қарашасында басталды, Павлодар қаласына Нұр-Сұлтан, Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларының мықты палуандары жиналды.

Солардың ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Өркен» бөлімшесінің тәрбиеленушілері де бар. Чемпионат қорытындысы бойынша «Өркен» клубының тәрбиеленушілері, № 37 ЖОМ оқушылары, спортшыларымыз 3 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль иеленді. Алтын жүлдені 50 кг салмақ дәрежесінде 14 – 15 жастағы қатысушылар арасындаНабиолла Алдияр , Рахметолла Нұржан 40 кг салмақ дәрежесінде 12 – 13 жастағы қатысушылардың арасында, 24 кг салмақ дәрежесінде 6 – 7 жастағы қатысушылардың арасында Сыздықов Ильхан жеңіп алса, күміс жүлдеге Төлеу Нұрғиса, Молдахметов Бексұлтан, Набиолла Алмаз, Сыздықов Ислам, Қанат Тамерлан лайық деп танылды. Қола жүлдені Кайргелды Дінмұхаммед, Канатбай Санжар иеленді. Балаларды клуб жаттықтырушысы , Павлодар облысының аралас жекпе-жек бойынша аға төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші, ұлттық спорт түрі «Жекпе-жек» бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы Рщанов Алтынбек Серғалиұлы дайындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған