Жастар кәсіпкерлігі кеңге қанат жайып келеді      

  «Кәсіп – түбі нәсіп» дейді дана қазақ. Ал мемлекетімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып жатқан мемлекеттік бағдармалар аз емес. Бір ғана «Бизнес бастау» жобасы талай жанның жолын ашып, өз кәсіпкерлігін дөңгелетуге мүмкіндік туғызды. Жамбыл облысында да бұл бағыттағы жұмыстар көз қуанарлықтай.
Мәселен үстіміздегі жылдың  24 шілдесі мен  27 тамыз аралығында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы 900 жас «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 2 кезең бойынша оқытылды.

Курсты бітіріп, өз ісін ашам деген жастарға жеңілдетілген кредит немесе мемлекеттік грант алуға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан мүмкіндіктер жасалған.

Жаңа бизнес-идеяларды дамытуға республикалық бюджеттен
200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде 1129 жасқа қайтарымсыз грант ретінде 570 миллион  теңге қаржы бөлінді (әр жасқа 505 мың теңгеден), 285 жас (Байзақ-50, Жамбыл-18, Жуалы-29, Қордай-16, Т.Рысқұлов-23, Меркі-33 Мойынқұм-23, Сарысу-51, Шу-42) 144 миллион теңге  қайтарымсыз грант алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде қала және ауыл жастарына микрокредит беру» бағыты бойынша 141 жас (Тараз- 11, Байзақ- 9, Жамбыл- 17, Жуалы- 8, Қордай- 12, Меркі- 18, Мойынқұм- 3, Сарысу- 8, Т.Рысқұлов- 33, Талас- 2, Шу- 20)
775,5 миллион теңге  шағын несие иеленді.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 миллион  теңгеге дейінгі мемлекеттік грант беруге облыстық бюджеттен 303 миллион  теңге, республикалық бюджеттен 21 миллион  теңге, жалпы 324 миллион  теңге қаржы бөлінді.

Аталған грант бойынша үстіміздегі жылдың  1-12 шілдесі аралығында конкурс өткізіліп, Тараз қаласы мен аудандардан қайтарымсыз грантқа үміткер 466 жастың құжаты қаралып, 158 жастың (Тараз- 49, Байзақ- 9, Жамбыл- 12, Жуалы- 15, Қордай- 6, Меркі- 10, Мойынқұм- 3, Сарысу- 20, Т.Рысқұлов- 11, Талас- 16, Шу- 7) жобасы қолдау тапты.

Тараз қаласы мен аудандарда арнайы комиссиялар құрылып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген 300-ге жуық жастың базасы жасақталды.

Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде жастар кәсіпкерлігінің тынысы кеңейіп, өрісі ашылуда. Бұл екі қолына бір күрек таба алмай жүрген жастардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп ғана қоймай, өз кәсібі арқылы замандастарын жұмысқа тартуға жол ашуда. Сонысымен де аталған мемлекеттік бағдармалара өміршең, әрі құнды.

 

Төлен Дедек