«Жастар қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру»

Бүгін “Жастар ресурстық орталығының” жастар ісі жөніндегі инспекторлардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жастар қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинарды мекеме мекеме директоры А.Пазылбеков сөз сөйлеп ашып, жастар қызметкерлерінің жастармен жұмыс істеудің маңыздылығы мен жауаптылығына тоқталды. “Халықты жұмыспен қамту орталығының” сектор меңгерушісі А.Шуженов Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы туралы дәріс берді. Ж.Қыстаубаева “Жастар ісі дегеніміз не және оның басты қағидалары” тақырыбында түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, NEET санатындағы жастар және жұмыссыз жастарды анықтау әдістемелерін талқылады. Жастарды қайырымдылық шараларына тартудың шаралары туралы аға инспектор Б.Балғабай “Ерікті болу – ерлік” тақырыбында түсіндірді. Семинар соңында жастар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмыстарына сәттілік тілеп аяқтады.

Сарысу ауданы. Жастар Ресурстық Орталығы