Жастарға үндеу жолдаған Мұстафа Шоқай (аудио)

Жуырда ғана әлеуметтік желілерде кеңінен таралған Мұстафа Шоқайдың осыдан тура сексен жыл бұрын жазылып алынған өз даусын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Елдің негізгі потенциалы, қозғаушы күші әрі болашақтың тізгінін ұстар жастарға жолдаған Алаш қайраткерінің үндеуі дәл бүгінгі қоғамның бір жарасына ем болатын шипа сөздер десек артық айтқандық емес. Өйткені, кез келген азаматтың Алла Тағала бұйырған туған жерінде, тәлімін алған елінде адал жүріп, өле-өлгенше сол мемлекетке қызмет ету керектігін М.Шоқай жақсы білген.