Жарқын жобаның жемісін жастар көруде     

«Серпін» мемлекеттік бағдарламасы талай жасқа серпін бергені анық. Аталған жоба асында  Жамбыл облысынан барлығы
1384 студент оқуға түскен.  Оның ішінде 2014 жылы- 172, 2015 жылы- 443, 2016 жылы- 262, 2017 жылы- 283,  2018 жылы- 224 білімгер білімін бағдарлама аясында тереңдетуге мүмкіндік алған.
Олардың 1169-ы жоғары оқу орындарында, 215-і орта арнаулы оқу орындарында педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы және медициналық мамандықтар бойынша білім алуда.

Ал ағымдағы жылы  21 жоғары оқу орындарына   567 түлек құжаттарын тапсырды.  2018-2019 оқу жылында 224 талапкер оқуға түссе, олардың 196-ы жоғары оқу орындарында, 28-і орта арнаулы оқу орындарында білім алды.

2018 жылы 65 түлек оқуын бітіріп, оның 31-і (47,7%) жұмысқа орналасты.  «Серпін» жобасы аясында студенттерді оқытуға 5109 грант бөлінген. (оның ішінде, педагогика ғылымы бойынша- 1279, ақпараттық-коммуникациялық технологиялары- 1500, машина жасау, өндіріс және құрылыс салалары- 2000, ауыл шаруашылығы және биоресурстар- 330).

Әрине аталған бағдарламаның шарапаты көпке тиюде. Ал бағдарламаны баян етуге жастар ресурстық орталықтары көп еңбек сіңіруде. Мәселен облыстағы 12 (1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтарында» жалпы саны 370 (облыс- 13, қала- 33, аудан- 324) маман қызмет атқарады. Олардың тарапынан белгіленген межеге сәйкес 20 850 жасқа кеңес беру жоспарланған (Бүгінде 22 517 жасқа кеңес берілді)

Жамбыл, Жуалы, Қордай, Шу, Т.Рысқұлов (жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қараша айының соңында пайдалануға беріледі) аудандарындағы «Жастар ресурстық орталықтары» өз теңгеріміндегі ғимаратта жұмыс жасауда. Тараз қаласы (Тараз қалалық жер қатынастары бөлімі) мен Байзақ, Мойынқұм, Сарысу, Талас («Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимараттары) аудандарындағы жастар ресурстық орталықтары жалдамалы негізде отыр. Меркі ауданының «Жастар ресурстық орталығы» «Қоғамдық келісім орталығы» ғимаратында жастарға қызмет көрсетуде.

Міне, осы жастардың көмегімен талай тірлік тіктеліп, талай жастың «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы білім алуларына жол ашылуда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы.

 

Дедек Төлен

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған