Жапондықтар мектеп жасына дейінгі баланы ешкімге сеніп тапсырмайды

Ұрпақ тәрбиесі

Жапонияда кішкентай баласын арқалаған аналар, басқа елдермен салыстырғанда көптеп кездеседі. Оларды кез келген жерден көруге болады. Ал баласын арқасына не алдына байлап алып, велосипед немесе мотороллер айдап бара жатқан әйел мүлдем таңсық дүние емес.
Біздің елде және Еуропа, Америка секілді елдерде де балаларға арналған арнайы сөмкелер қолданыста, алайда Жапонияда екі жағалы немесе «арнайы қалталы» күртеше, жамылғы және шапан сияқты киімдердің түрі өте көп. Осыған қарап Ана мен бала арасы мүлдем ажырамайтындай көрінеді. Және де бұл соңғы үрдістегі сән емес, ежелден қалыптасқан жапондық дәстүр.

Тығыз қарым-қатынас
Кішкентай балалар әрқашан анасымен болған. Ертеде, аналар балаларын ыңғайына қарай омырауына не арқасына, орамалмен байлап алатын болған екен. Күрішті далада жұмыс істесе де, тамақ дайындаса да бала қасында болған. Ал жаңа сәби дүниеге келген кезде, «арқасындағы» бала үйдің үлкеніне тапсырылған. Үлкендері өз кезегінде, кішкентай бауыр не қарындасымен тіпті мектепке де бірге барған. Баланың аяғы шыққанша, осындай жақындықта өскен.

Қазіргі жапондық отбасында бір-екі баладан. Соған қарамастан, күйеуге шыққан бойжеткендердің басым көпшілігі жұмысын тастап, өзін отбасына, бала қарауға арнайды.

Баласы өсе келе қайта жұмысқа шықса да, толық уақытты алмайтын қосалқы жұмыс болады. Мектеп жасына дейінгі балаға қарауды ешкімге сеніп тапсырмайды. Өздері үй жұмысына көмектесіп, бар жүкті өз мойнына алады. Тіпті балабақшаға баласымен бірге барып, бақылап отырады. Сол жерде үйренген заттарын үйінде қайталайды.

Көптеген шетелдіктерді жапондық балалардың тілі аяғынан бірінші шығатындығы таңғалдырады. Ал жапондықтар үшін бұл таң емес: анасы баласының кішкентай күнінен, ересек адаммен сөйлескендей әңгіме айтады және не істесе де, бәрін айтып сипаттап жүреді. Осы әлеммен анасының қолында жүріп танысып, сөйлеуді үйренген баладан қайыр болары сөзсіз.1428760786_1348218368_0c25432ffa3f5a3ed4362ad24a68b831

Бәрі сияқты жұмыс істей алмасаң, жұмыс істеме!
«Жұмысбасты ана» деген құбылыс, жапондықтардың дүниетанымы мен санасына еш сыймайды. Жұмысқа бару үшін өз баласын біреуге беру, баланың алдындағы өз жауапкершілігін біреуге тапсыру деп қарайды. Қоғамдық ой ондай қателіктерді кешірмейді.

Тіпті балалы әйел, бір жерде жұмыс істеп жүрсе, әкімшілік немесе бастық тарапынан жайлы қарым қатынасқа үміттенбейді. Мысалы, компаниялардың көбінде жұмыстан бастық кетпей ешкім кетпейді. Кейде олар жәй көңіл көтеру үшін жұмыстан кейін қалуы да мүмкін, бірақ балалы ана олармен тең отырып, өзгелер сияқты істей алмаса, онда мүлдем істемесін деп біледі.

Сондықтанда балалы ана психологиялық жайлы атмосфераны тек үйінде сезінеді. Қоршаған адамдардың осындай, алғашқыда дөрекі көрінетін әдеттері, ана үшін үйден артық жер жоқ екенін түсіндіреді.

Ежелден қалған тағы бір дәстүрлердің бірі – үйдің кенжесі әрқашан анасымен бірге бір көрпенің астында ұйықтаған. Келесі бала туылған кезде ғана анасынан «айырылатын» балаға, бүгінгі таңда ондай қауіп аз. Себебі, қазіргі жапондық отбасында ең көп дегенде екі баладан.

Өзіндік мысал (Сөзсіз тәрбие)
Бала тәрбиесімен тек анасы ғана емес, әкесі де белсенді айналысады. Мысалы демалыс күндері, саябақтарда баласын ұстаған әкелерді көптеп байқауға болады. Осылай балаға екі жақты махаббат пен қамқорлық береді.
Сырттай қарағанда, жапондықтар балаларына мүлдем ұрыспайтын сияқты. Жапондық тәрбиенің және тілдік мәдениеттің ерекшелігі – бәрін сөзбен айтпау. Бірінші кезекте, баланы өзіндік мысалмен тәрбиелейді. Яғни, айтпайды, көрсетеді: бала Ата-анасының қарым-қатынасын қас қабағынан, үнсіздігенен ақ байқайды.

Бала тәрбиесіндегі тағы бір қызық амал – «жоғалған бала». Барлық уақытын анасымен бірге өткізуден жалыққан бала, айналасына қызыға бастайды. Сол кезде анасы оны ұстамайды, керісінше оған «жоғалуға» мүмкіндік береді. Қуанышқа орай, қоғамда бәрі осы амалды жақсы біледі. Полицияның араласуынсыз және жүйке жүйеге соққысыз балаға анасын табуға көмектеседі. Көмектесе отыра, анасыз қоғамның қиын екенін және қайта табылған кез қандай бақыт екенін (әрекетпен) түсіндіреді. Осыдан өткен бала, екінші қайта анасынан алыстамайды.

Өз ата-анасымен үнемі эмоциональді және физикалық байланыс пен жақындықта өскен бала, өзінде сенімді, әрі өзгелерге үлгілі азамат болып өседі.

Қортынды: Бұл мақаланы оқып, Жапон болыңыздар дегіміз келмейді. Тек, өзіміздің ұмыт болған, бала тәрбиесіндегі дәстүрлерімізді қайта жаңғыртыңыздар, әрқайсыңыз бір отбасының анасы мен әкесісіздер дегіміз келеді (болып қойғандарға да қатысты).

Балаңыз қандай болсын десеңіз, өзіңіз сондай болыңыз.
Балаңызды емес, өзіңізді тәрбиелеңіз. Балаңыз сізге қарап өседі.

Аударған Ескендір Бестай
“Young Family” журнал