Жамбылда жыл аяғына дейін 11 мың жас жұмыспен қамтылады  

Биылғы  жылы облыс әкімі мен Тараз қаласы, аудан әкімдері арасында келісімге сәйкес, 7 межені орындау көзделгені белгілі. Ал облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстағы он аудан және Тараз қаласы әкімдері арасында 4 меже белгіленген еді. Соның ішінде дені жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталған. Аталған келісім аясында жыл соңына дейін шамамен 11 мың (10 943) жасты жұмыспен қамту жоспарланған, – деп хабарлайды «Elana» ақпарат агенттігі.

Десе де, есепті кезеңге дейін облыс бойынша 6 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жартыжылдық меже ойдағыдай орындалыпты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекованың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мүрбеков айтты.

         Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған 6 758 жастың 2604-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 977-сі қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 1624 түлек жастар тәжірибесіне, 271-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданып, 50-і шағын несие алды. 20 жас қайтарымсыз грантқа ие болды.Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады (2018 ж.- 2,9%). Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Республика бойынша көрсеткіш- 3,9 пайыз. Мәселен, Жамбыл, Атырау- 2,4, ал Алмат мен СҚО- 2,9, Ақтөбе облысы- 3, пайызға қол жеткізіп отыр. NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі биылға жылдың І тоқсанында 7,8 пайызды құрады (өткен жылы 8,0%). Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде есепте тұрған 4 214 жұмыссыз жастардың 2 604-і (61,8%) тұрақты жұмысқа орналасты. Облыс бойынша 1 өңіраралық, Тараз қаласы мен аудандарда 27 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Оған 16-29 жас аралығындағы 629 жас қатысты. Оның 18-і Байзақ ауданынын болса, Жамбылдан-15, Жуалыдан-250, Т.Рысқұловтан-37, Меркіден-52, Сарысудан-23, Таластан-49, Шудан 185 жас қатысты, – дейді Б.Мүрбеков.

         Оның айтуынша, жәрмеңкелер нәтижесінде Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Талас, Шу аудандарынан барған 110 жас тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Шу ауданынан 25 жас тартылған. Ал кәсіби оқытуға жолданған 13 азаматтың 11 жуалылық болса, қалғаны Т.Рысқұлов ауданынан. Әлеуметтік жұмыс орындарына Т.Рысқұлов ауданынан бір жас жіберіліпті. Ал, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Талас, Шу аудандарынан жастар практикасына жолданғандардың саны – 74.

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған