Жаңатаста жел станциясының екінші кезеңі басталды

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС-нің құрылтайшыларымен кездесті. Аудандағы жел электр станциясы – Орталық Азиядағы ең ірі жоба.
✅ Аудан басшысымен кездесуде күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
– бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2023 жылы Жаңатас қаласында жүзеге асатын жоба.
✅Екіншісі – жүзеге асырылып жатқан екінші кезеңнің іске асу барысында туындаған мәселелері талқыланды. Оның ішінде ауданға үлкен техникалар мен құрылғыларды әкелуі, олардың кедендік рәсімделуі, ауданға жылдам жаткізіліп, орнатылуы.
✅ «Жаңатас жел электр станциясы» компаниясы ауқымды жобаға оң көзқарас танытып, қолдау білдірген аудан басшысына алғыс білдіріп, жергілікті атқарушы билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіліп жатқанын жеткізді.
✅ Екінші кезең іске қосылғанда қуаты 100 мегабатт болатын қондырғылар елімізді қажет энергиямен қамтамасыз етіп, жұмыс көздерін ашуға мүмкіндік береді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.