ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ҚАРЖЫСЫ 19 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ

Қазір қай салада болсын, істің көзін тауып, жұртқа тиімді тетігін ұсынып жүрген өнертапқыштар мен ғалымдар бар. Олар үшін жасаған жобаларын тәжірибеге енгізуден асқан қолдау жоқ. Талай жыл жүргізген зерттеулерінің нәтижесін көрудің өзі бір жетістік емес пе?!
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Механика және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы Роллан Нүсіпәли жақындай осындай мүмкіндікке ие болмақ. Оның жасаған жобасы қолданысқа енгізу қаржыландырылмақшы. Нақтысын айтсақ, оқытушының «Жас ғалым» жобасы аясындағы гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа ұсынған еңбегі үздік деп танылып отыр.
Роллан Нүсіпәлидің «Желдің бағыты тұрақты аймақтарға арналған жел энергетикалық қондырғысының жетілдірілген конструкциясын әзірлеу» тақырыбындағы жобасының ғылыми кеңесшісі – профессор Мұхтар Жүнісбеков. Ал жобаны іске асыру кезеңі – 2022-2024 жылдар. Бөлінген грант қаражаты – 18 999 958 теңге.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдаланып желдің бағыты тұрақты аймақтарға арналған қондырғы жасау қажет деген идея жас ғалымды көптен толғандыратын. Әсіресе, жылдамдығы қатты және ұйытқыған желдерге төзімді, пайдалы әсер коэффициенті жоғарылатылған, құрылымы жетілдірілген, Қазақстанның ауа райына бейімделген жел энергетикалық қондырғысының конструкциясын дайындасам, осыны зерттесем деп көп ойланатын. Міне, енді ол өз арманына қол жеткізіп қана қоймай, оны жүзеге асыруға да мүмкіндік алып отыр.
Негізі осы байқауда «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру»институтының жас ғалымдарының үшінші жобасы үздік деп танылып отыр. Бұған дейін «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі Ж. Молдамұратовтың «Суару арналарын қайта құру мен жөндеудің кешенді технологиясын әзірлеу» жобасы (грант қаражаты 17 149 120 теңге),«Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының аға оқытушысы Н. Шаншабаевтың «Фибробетонды полиберікті қағылмалы пирамидалы-призмалық қадалар дайындау» жобасы (грант қаражаты 19 000 000 теңге) қаржылай қолдауға ие болған еді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті