ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІРЕК ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Бүгін Биназар ауылында жаңа медициналық тірек қолданысқа берілді.

Аталған дәрігерлік пункттің ашылу салтанатына ауыл халқы көп жиналды.

Ауыл халқын жаңа дәрігерлік пункттің ашылуымен аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Данияр Ахмеджанов және ауыл қариясы, ақын-сазгер Болатбек Әбішевтер құттықтап, лентасын қиды.

Ашылу салтанатында ауыл әжелерінен құрылған ансамбльі әннен шашу шашса, ақын-сазгер Болатбек Әбішев өзінін арнау өлеңін оқыды.

Ғимарат лентасы қиылған бетте ауыл тұрғындары пункт ішіне кіріп, оны аралап көрді.

Мойынқұм ауданы әкімдігі