Жаңалығы мен жетістігі мол жыл

2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық  ғылыми жобалар конкурсына қатысу үшін  Қызылорда облысы білім басқармасы  дарын ғылыми – практикалық орталығына лицейімізден ғылыми жобамен айналысатын 40 оқушы 26 жоба ұйымдастырылып тіркелді. Облыстық ғылыми жобаға 23 оқушы 16 жоба қатыстырылып 14 оқушы 10 ғылыми жоба жұмыстары жүлделі орындарға ие болды. Республикалық ғылыми жобаның ІV кезеңіне (Республикалық)  лицейімізден 11 сынып оқушылары  Салават Мұрат пен Бердібек Мағжан қатысып нәтижесінде Салават Мұрат ІІІ орынды иеленді. 11-сынып оқушысы Бердібек Мағжан Кореяда өткен Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жоба сайысынан «Алтын медаль» иеленді. «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиададан 10-сынып оқушысы  Анарбай Қуаныш «Алтын медаль» иеленсе, 11-сынып оқушысы Тұңғышбай Сархан «Қола медаль» иеленді. Сонымен қатар 19 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытта Көкшетау қаласында өткізілетін Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып 1оқушы Тілек Әли «Алтын медаль» 1 оқушы 2 орын «Күміс медаль» 9 оқушы «Қола медаль» иеленіп лицейіміздің мерейін асқақтатуда. Қазіргі таңда 2 оқушымыз Петропавл қаласында гуманитарлық бағыттағы олимпиадаға қатысып келіп отыр. Халықаралық олимпиадаға жолдама алған оқушылар да  жеткілікті. Ресей Мәскеуде өтетін «Адам. Жер. Ғарыш.» ғылыми жобасына 2 оқушы, Халықаралық Информатикс олимпиадасына 4 оқушы, Халықаралық Байқоңыр «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жобасына 6 оқушы жолдама алып отыр. Оқушыларымызға білім, ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік тілейміз!

мағжан3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қазақ-түрік лицейі