Жақын күндері «Астана Опера» театрының қандай қойылымдарын онлайн режимде тамашалауға болады?

«Астана Опера» театры қойылымдарын Tengrinews.kz/tv каналы арқылы онлайн-режимде сахналауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төтенше жағдай кезінде «Астана опера» театры әртістері ұсынатын үздік опера және балет қойылымдарының топтамасын тамашалау мүмкіндігі онлайн режимде қарастырылған. Кейін қойылымдарды әдеттегідей театр аңдатпасына сәйкес уақытта көре аласыздар, делінген театрдың ресми сайтында. Осылайша, аптасына төрт қойылымды тамашалай аласыз: екі опера және екі балет. Жұмыс күндері қойылым көрсетілімі 19:00-де, демалыс күндері 18:00-де басталады. Жуық арада көрсетілетін қойылымдар кестесі: 27 наурыз – Дж. Вердидің «Турандот» операсы; 28 наурыз – А. Аданның «Жизель» балеті; 29 наурыз – Дж. Россинидің «Севильский цирюльник» операсы; 1 сәуір – Л. Минкус «Баядерка» балеті; 3 сәуір – М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы; 4 сәуір – А. Хачатурянның «Спартак» балеті; 5 сәуір –П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған