«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 17 мыңнан астам қазақстандықтар көшірілді

2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») жүзеге асыруды бастағаннан бері экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 17 мыңнан астам азамат көшірілді (5 мыңға жуық отбасы).

Жаңа мекен-жайға көшіп келген азаматтардың ішінде 8,4 мың адам еңбекке жарамды жаста, олардың 6,5 мың немесе жалпы көрсеткіштің 77,3%-ы жұмыспен қамтылды.

Көшірілген барлық отбасылары мемлекет есебінен тегін баспана алды, 30%-ға жуық отбасы жеке тұрғын үйлерде тұрса, 70%-ы пәтерлер немесе жатақханадан бөлмелер алды. Жалпы алғанда 1223 жеке тұрғын үй, 108 көппәтерлі тұрғын үй және 12 жатақхана салынды.

Облыстар арасында көшірілген адамдардың басым бөлігі Қарағанды облысында – 4 428 адам, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 3 145 және 2 529 адам болды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі