Жәрдемақы алушылар көбейіп бара жатыр…

2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай – МӘСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 1 мың 302 адамнан 69 мың 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өсті,-деп мәлімдейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Ресми дерекке сүйенсек, асыраушысынан айырылу жағдайына қарай жәрдемақы алатын адамдар саны 549-дан 31 135 адамға дейін 56,7 есеге өсті, жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алушылар  3258 есеге көбейген (8 адамнан 26070 адамға дейін).

2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 8 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақыны алушылар саны 1,9 есеге өсіп, 2015 жылы 173,2 адамды құрады (2005 жылы – 89,3 мың адам), 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы алушы азаматтар саны – 2,4 есеге (83 мың 600-ден 201 мың 294 адамға дейін) ұлғайды.

 «ЕлАна»