Жәннаттан үміттенсең, жақсылық жаса!

Екі дүние сардары ақырзаман пайғабары Мұхаммед (с.ғ.с)  қатты ауырып, дәм тұзы таусылар кезде Жәбірейл ( ғ.с ) келеді. Үмбетіне алаңдаған Расуллаһ ( с.ғ.с), Жәбірейл ( ғ.с) – нан: – Мен дүниеден өткен соң, бұл жалған дүниеге келесіңбе?-деп, сұрайды. Сонда Жебірейіл (ғ.с):

Сен мәңгі дүниеге ауысқанан кейін жақсы іспен келмеймін. Тек, жаратушы АллаҺтың әмірімен он рет келіп, он асыл қасиетті алып кетем- дейді.

-Ол қандай асыл қасиеттер деп, сұраған Расуллаһ (с.ғ.с)- қа, Жебірейіл (с.ғ.):- Бірінші келгенде, жер бетінен берекетті алып кетемін.

-Екінші келгенде, адамға деген мейрімді алып кетем.

-Үшінші келгенде, жомарттықты әкетем.

-Бесінші келгенде, қанағатты әкетем.

-Алтыншы келгенде, әйелдердің ұятын әкетем.

-Жетінші келгенде, басшылардан әділдікті әкетем.

-Сегінші келгенде, ғалымдардың тақуалығын әкетем.

-Тоғызыншы келгенде, Құранды әкетем.

Оныншы рет келгенде, иманды әкетем. Осымен жербетіндегі жақсылық, ізгі ниетте кетер депті.              

      Иә, жұмыр басты пенде біз, ислами көзқараспен пайымдасақ, осы ізгі қасиеттердің көбі кетіп, азы қалған ба дейсің. Бірі жақсы әрекет жасаса, екінші бұзып, берекет тауып жүрмізбе. Аға, мен іні араздасып, әкемен, бала соттасып,ағайын ауысып мінер атсыз, абысындар ақылдасып отыратын кез өттіме, жоқпа. Байларда жомарттық, кедейде Аллаһқа шүкір дейтін, қанағат қаншалықты. Ақсұңқар шашып жейтін кез өтіп, қарға басып жейтін уақ дәл келіп, тұрған жоқпа. Әйелдердің ұяты жайлы айтудың өзі, артықпа дейсің. Кім қиналып жүр, қара халық. Ал, әділдік болса, сол халық неге қиналады.  Инемен құдық қазғандай еңбектеніп, көз майын тауысып, еңбектеніп жүріп, еңбек қоғайтын ғалымдар қайда. Қәзір, ебін тапсаң ғалым болудың ауылы алыс емес. Ал, еңбектенбей, бейнет көрмей болған, ғалымдықтың, тақуалығы қай жақта. Ойлайсың, толғайсың. Құдайға әліде, мың шүкір айтасың. Асыл қасиеттердің жұрнақтары, бар сияқты. Бірақ, аз қалғаныда хақ, сияқты. Ал.құран, иман жайлы, ой айту, мен сияқты пақырға мүлде артық сияқты. Ардақты мұсылман жамағат, осы он қасиеттің байыбына бара отырып, Жәбірейіл (ғ.с.)  алып кетті деп, ойлаған қасиетеріңіз болса, өкініп «Тәубәға» келіп, барына «Шүкір» айтып, ислам дінінің құндылықтарына сай амал жасағанымыз абзал.  Хадис шәрифте: – Әр жақсы іске, сауап жазылады – дейді. Жазмыштан озмыш жоқ. Тағдырға жазылғанды, пенде білуі мүмкін емес. Тек, Аллаһтан үміт күтіп, жоғарғы он асыл қасиетті, әр дайым еске ұстап, сол қасиеттердің айналасында, игі іс жасау, арқылы, амал дәптерімізді, сауапқа толтыруды ойлағанымыз жөн.

Дайындаған Дахан Шөкширұлы Жәмші