ЖҰБАЙЫҢНЫҢ СЫРЫН АШПА, АБЫРОЙЫН САҚТА!

Бір дәруіш жұбайымен ажырасуға бел буыпты. Ел-жұрт болмай-қоймай себебін сұраған ғой. Сонда дәруіш:
– Мен сендерге әйелімнің кемшілігін қайтіп айтам? – деп ауыздарын жауыпты.
*
Содан арада уақыт өтіп, дәруіш ажырасып тыныпты. Әлгі жүгермектер тағы келіп сұрапты:
– Неге ажырастыңыздар? деп.
Бұл жолы дәруіш:
– Бөтен әйелдің кемшілік-айыбын енді қайтіп айтам сендерге? деп қысқа қайырыпты.