Зейнетақы мәселесіне арналған жаңа заңнамалық құжат

Құрметті оқырман, Еліміздегі жаңа заңнамалық жобаларды және қайта қаралып, толықтырылған құқықтық-нормативтік құжаттарды ешқандай сайт оқырман назарына ұсынбайтынын білесіз. Біздің  «Ел Ана» ақпараттық агенттігіміз осыны ескеріп,  мемлекеттік деңгейдегі маңызы бар құқықтық-нормативтік құжаттарды, саяси бастамалар мен бағдарламаларды және  Елбасы мен ҚР Үкіметі, ҚР Жоғары атқарушы билігі тарапынан қабылданған барлық актілерді оқырман назарына үнемі ұсынып отырмақшымыз. Сондай келелі және аса маңызды актінің бірі – зейнетақы мәселесіне арналған жаңа заң жобасы. Ендеше, Сіз зейнетақы мәселесіне алаңдап жүрсеңіз, жаңа заң жобасымен төмендегі материал арқылы  толық таныса аласыз. Мархаббат!

«Ел Ана» ақпараттық агенттігі

ҚР-да 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа ережелер бойынша есептеледі.

ҚР Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының ережелеріне сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа ережелер бойынша есептеледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде.

«Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту: 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады», — делінген хабарламада.

Ведомствода түсіндіргендей, егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды. Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды.

«Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді», — деп атап өтті министрлікте.

Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы істеріндегі құжаттардың негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, заң ережесіне сәйкес Қазақстанда жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышы енгізіледі.

«Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын аударған қызметкерлер шартты-жинақтаушы құрамдауыштың қатысушылары болып табылады. Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады», — деп нақтылады ДСӘДМ-де.

Міндетті салымдар есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылып, кемінде 60 айға жарналар аударылған жағдайда зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектерге беріледі.

Зейнетақының аталмыш құрамдас бөлігі өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Зейнетақылардың мөлшері жыл сайын БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады. Бұдан өзге, заң ережесіне сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру жоспарланған.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру толық мемлекеттік қамсыздандыруға ауыстырылатын болады. Олардың зейнетақысының мөлшері қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымына қарай есептелетін болады. Бұл ретте, 2016 жылдан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің ақшалай қамтылымынан 20 % міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша мемлекеттік бюджеттің міндеттемелері жойылатын болады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бюджеттің кірісіне олардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 % сомалары аударылатын болады.

Сондай-ақ, қызмет өткеру жағдайлары бірдей болып, әр түрлі кезеңде запасқа шыққан әлеуетті құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақы төлемдері мөлшеріндегі диспропорцияларды жою үшін 2016 жылы бұрын толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін еңбек сіңірген жылдарына және зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күніндегі еңбек өтіліне қарай, олардың толық көлеміне жеткізу бойынша біржолғы қайта есептеу іске асырылады.

«10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары азаматтарға дәл сол қалпында төленетін болады. Оның мұраға қалдырылатыны айқын. Ал 5 пайыздық аударым мұраға қалдырылмайды. Оларды жұмыс беруші аударатындықтан, жұмыскердің меншігі болып есептелмейді. Аталмыш сома ЖМЗЖ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта үлестіріледі», — деп түсіндірді С. Жақыпова.

Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған шаралар ауыстыру коэффициентін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған — 40 %-дан кем емес деңгейді қамтамасыз етеді және одан әрі сақтай алады.