Зейнетақы жинағы 5,98 трлн. теңге болды

 

Зейнетақы жинағы 5,98 трлн. теңге болды

Астана. 29 наурыз. Baq.kz – 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн., оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны шамамен 9,7 млн болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 393 986 бірлік болды. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны бұрынғыдай шамамен 40 мың адамнан аспайды, деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы.

2016 жылғы 1 наурызда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,98 трлн. теңге болды.

2016 жылдың басынан бастап 101,02 млрд. теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс алынды. БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылығы (2015 жылғы ақпан – 2016 жылғы ақпан) осындай кезеңдегі 15,2% инфляця деңгейінде 16,7% болады.

Сонымен бірге, БЖЗҚ жыл басынан бері 46,81 млрд. теңге сомасына зейнетақы төлемдері мен аударымдары жасалды, бұл сомаға 2,61 млрд. теңге мөлшерінде сақтандыру ұйымына жасалған аударымдар кіреді.

Әр салымшы мен алушы өзінің жеке зейнетақы шоты туралы кез келген күні БЖЗҚ-ның 236 бөлімшесінің бірінен не қордың www.enpf.kz сайтында Интернет-үзінді көшірме бөлімі арқылы алады. Сонымен қатар, Қор салымшыларының өз зейнетақы шоттарын Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылауға мүмкіндіктері бар. Бұл қызметті пайдалану үшін салымшы Қор кеңсесіне бір рет келіп логин мен пароль алуы тиіс.
2016 жылғы 1 наурызда 150 700 ұялы қосымша жүктелген.
2015 жылдың ақпанынан бері өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты толық көлемде e-gov порталы арқылы да алуға мүмкіндік ашылған.
2016 жылғы наурызда электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету басталған кезден бастап салымшыларға (алушыларға) зейнетақы шоттарынан 232 мың үзінді көшірме берілген.
Қазіргі уақытта Қор салымшылар мен алушылар үшін қосымша электрондық қызмет көрсету, яғни электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу барысын, жеке деректерге өзгерістер енгізу, төлемдер алу үшін өтініш беру мүмкіндіктерін on-line түзімінде оңтайландыруды ендіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.