Заңсыз берілген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары

«AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының мүшелерімен бірге бос жатқан, заңсыз берілген жайылым ЖЕРЛЕРДІ мемлекет меншігіне ҚАЙТАРУ жұмысы аясында өткен аптада Тобыл өңіріне келдік.

Комиссия мүшелері – Мурат Абенов, Galym Baituk сынды ағаларымызбен Меңдіқара ауданындағы Архиповка, Харьков ауылдарының және Федоров ауданындағы Сарыкөл ауылының тұрғындарымен кездесіп, пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін жан-жақты талқыладық.

Қостанай облысында жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша аймақта жалпы 2️⃣7️⃣, 9️⃣ мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы 3️⃣, 4️⃣ мың гектар жерге меморандум аясында ауыл тұрғындары мал жаюға мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек, 1️⃣3️⃣, 7️⃣ мың гектар жерді сот арқылы мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтаруға материалдар дайындалып жатыр.

Ал комиссия өз жұмысын бастағалы бері Қостанай облысында жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша аймақтағы жалпы 6️⃣7️⃣, 1️⃣ мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Оның ішінде:

Меңдіқара ауданы – 970 га

Федоров ауданы – 7 540 га

Наурзым ауданы – 20807 га

Алтынсарин ауданы – 714 га

Амангелді ауданы – 16128 га

Әулиекөл ауданы – 2109 га

Жангелдин ауданы – 2311,8 га

Жітіқара ауданы – 2598,4 га

Қарасу ауданы – 1911 га

Қостанай ауданы – 723,5 га

Б. Майлин ауданы – 9687,3 га

Арқалық қаласы – 1600 га

Комиссиямыздың аясында ел мүддесі үшін белсенді қызмет етіп жатқан барлық азаматтарға, Жер ресурстарын басқару комитеті мен оның облыстардағы департаменттеріне, ісімізге қолдау білдірген ауыл халқына алғысымды айтамын.

Дәулет КӘРІБЕКТІҢ ФБ парақшасынан