Таразда VIII Республикалық пәндік олимпиадасы басталды.

 

Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жоғары оқу орындары студенттері арасында VIII Республикалық пәндік олимпиадасы басталды.

Студенттердің тарих, қазақ тілі мен әдебиеті және музыка ғылымдарына деген танымдық қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу дағдысын дамыту және шығармашылық белсенділігін, ерекше білімді, қабілетті студенттерді іріктеу және қолдау көрсету мақсатындағы білім додасына еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының ЖОО-нан келген 35 команда бақтары мен баптарын сынауда.

DSC_32893 мамандық студенттері арасындағы республикалық олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші турда қатысушылар түрлі тақырып бойынша ғылыми жобаларды қорғап, шығарма жазудан және музыкалық туындыларды орындаудан сынға түссе, екінші турда викториналық сұрақтарға жауап беріп білімдерін сынамақ. Оларға белгілі ғалымдар мен білікті мамандардан құралған қазылар алқасы баға береді.

DSC_3360

Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық олимпиада студенттердің білімдерін шыңдап қана қоймай, республикамыздың ЖОО-дағы Тарих, Қазақ тілі мен әдебиеті және Музыка мамандықтарына білім мониторингін жасауға мүмкіндік береді.

ТарМПИ Баспасөз қызметі .