Таразда Б. Момышұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі өтті

 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында даңқты қолбасшы, халық қаһарманы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі өтті.

 «Ұлт келешегін көксеген кемеңгер тұлға» атты тақырыптағы іс-шара Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылды. Мақсаты – жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру, ұлттың зияткерлік және рухани дең­гейін көтеруге үлес қосу.

Көрмеге ұлт мақтанышы туралы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген 100-ге жуық әдебиет көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, Бауыржан Момышұлының көптомдық шығармалар жинағының 30 томы, «Фотоқұжаттық альбомы», ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарованың «Бауыржантануға кіріспе» кітабы, батырдың келіні Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» және әр жылдары шыққан туындылар бар. Сонымен қатар 2010 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Б. Момышұлының өмірі мен өнегесі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы да көрмеге қойылды.

Жиынға қатысушылар режиссер Мәжит Бегалиннің «Ел басына күн туса» фильмін тамашалады.

ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі.