Талас ауданының әкімі болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдімәжитұлы тағайындалды

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы, 1981 жылы туған, білімі жоғары, 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану», 2007 жылы А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Қаржы», 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.

2005 жылы «Дзю-до федерациясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалында жаттықтырушы, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында тәрбиешінің көмекшісі, 2006-2007 жылдары «Сұңқар-2002» ЖШС-нің қамтамасыздандыру бөлімінің инженері, «КМГ-Жайық» ЖШС-нің құрылыс маманы, 2007-2008 жылдары «Қазтеміртранс» АҚ президентінің көмекшісі, 2009-2011 жылдары «ЧД-cz» ЖШС директорының орынбасары, директоры, 2011-2012 жылдары «Корпорация-Сенім» ЖШС-нің маманы, №4 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры міндетін уақытша атқарушы, 2012-2014 жылдары №7 күрестен облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2014-2017 жылдары «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» КММ директоры қызметтерін атқарған.

❗️ Ол бұған дейін облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.