Тұрғындар өтініші тыңдалды

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында апта сайын тұрғындар арасында қоғамдық қабылдау өткізіліп келеді.

Қоғамдық қабылдауда Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Мамытов бастаған тұрғындар өтінішіне байланысты шақыртылған жауапты сала өкілдері қатысты.

Өтініш білдірген тұрғындардың дені қаржылай қолдау көрсету бойынша жүгінген. Олардың ішінде денсаулығына байланысты жол жүріп бара жатқандығын айтса, енді бірі балаларын мектеп формасы мен оқуға қажетті заттарын түгендей алмай отырғандығын жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары жауаптыларға біржолғы жәрдем тағайындау мен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында азаматтардың өтініштерін қанағаттандыруды тапсырды.

Әдеттегідей баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша да азаматтар келді. Бұл ретте түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарын заңдастыру бойынша кеңестер айтылды.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі