ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ақтау қаласында парапауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтті. Ел чемпионатына республикамыздың барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиадада Түркістан облысының көру қабілеті зақымданған спортшылары командалық есепте 1 орын алды.

Атап айтқанда, Мұхтар Қалменов, Зәуре Әйтек, Бағланбек Оналбек, Фахриддин Нарзулла, Ақтолқын Сейілбек, Дилором Дыханова алтыннан алқа тағынды. Нұрдәулет Әділбеков пен Сүйініш Еркінов күміс, Абзал Шакеев қола жүлдегер атанды. 6 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген параспортшылар Түркістанға оралды.

Облыс намысын қорғаған спортшыларды Түркістан облысының мүгедектерге арналған “Сауран” спорт клубының ұжымы, туған-туыстары мен жанкүйерлер күтіп алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі