«Түнгі мыстан» Хиуаз Доспанова

Ұлы Отан соғысы кезінде СССР-да тек әйелдерден тұратын, тұңғыш, бірден-бір авиация полкі құралды.Оның толық аталымы: 46-гвардиялық Таман Қызылтулы Суворов ордені 3-дәрежелі түнгі бомбалайтын авиациялық полкі. Немістер қыздарды қысқаша: «Түнгі мыстандар» — деп атайтын. Аңызға айналған ұшқыш әйелдердің бірі — Қазақстандық Хиуаз Доспанова. Бірінші қазақ ұшқыш әйелі ретінде тарихта орын алды.

Хиуаз Доспанова 1922ж.15-мамырда Гурьев облысының Ганюшкино аулында дүниеге келді. Оның әкесі партиялық қызметкер болғандықтан,олар отбасымен бір орыннан екінші орынға көшіп тұратын.Хиуаз 1940жылы, Орал қаласындағы № 1 — мектепті алтын медальмен үздік бітіріп шықты. Ол мектеп кезінен-ақ аэроклубта жаттықтырылып, аттестатпен бірге ұшқыш қоры куәлігін алып шықты.

Мектеп бітіргеннен кейін, Хиуаз Мәскеуге оқуға кетті. Бірінші ол, Жуковский атындағы Әскери-әуелік академиясына құжат тапсырды,бірақ, оны қабылдамағандықтан, Хиуаз Бірінші Мәскеулік медицина институтына түсті. Бірінші курс бітірген соң, 1941жылдың жаз айында Хиуаз демалысқа Қазақтанға кетіп бара жатқан кезінде соғыс басталды. Мәскеуде қалуға тура келді. Көп ұзамай, Хиуаз әйелдерге арналған жаңа полк ашылғанын білді.

Әйел авиабөлiмшесiнiң құрастыруына рұқсат алған даңқты ұшқыш — Марина Раскова. Хиуаз Доспанова собеседованиеге барып, одан өтті! Оның қызметтестері Катяны, Хиуазды осылай атаған, өте көңілді, аңқау, романтикалық қыз, қыпша белді, аяғының 33-өлшемімен болғандығын еске алатын.

Полк шынымен де тек әйелдерге арналған болатын, олар пилот әрі штурман болып қана қоймай,механика және техника мамандары да болды.Авиаполктегі адам саны — 115 адам,қыздардың жасы бар болғаны 17-ден 22 жас аралығында еді. Бірінші Энгельстегі оқу,сосын 1942ж. алғаш жауынгерлік ұшу және бірінші жоғалтулар болды. Ұшақта екі қыздан ұшатын. Бұл екі ашық кабиналы ағаш биплан. Максималдық жылдамдық — 120 км/сағ. Пулеметтар бортта 1944жылы пайда болды,оған дейін қарулардан тек тапанша ғана.Тек түнгі мезгілде ұшатын, күндіз осындай ұшақ қарсылыстарға оңай нысана. Әр түнде қыздар 10-15реттен ұшуға баратын. Мақсаттарына жетіп, бомбаларды лақтырып және кері — жаңа снаряд үлестеріне оралатын. Немістер «түнгі мыстандар» десе, әскери азаматтар қалжыңмен «Дунькинның полкі» деп атайтын(Евдокия Бершанская командирының атымен). Бұл туралы бірден-бір адам білетін, бірақ,«Шайқасқа өңкей қарттар барады» киносында, махаббат сезімінің негізі осы полктің ұшқышы Надежда Попова мен 821-истребитель полктің ұшқышы Семен Харламовтың арасындағы шынайы болған сезімі баяндалады.

Хиуаз мерген-штурман және Юлия Пашковамен бірге ұшатын. Бірінші жарақатты Доспанова Кавказдағы шайқаста алса,екінші ауыр жарақатын 1943 жылдың 1 сәуірінде алды. Ұшқыш Раиса Аронова өзінің «Түнгі мыстандар» кітабында еске алатыны: «Сол кездерде жау ұшақтары бiздiң аэродромның үстiнде жиі түнделетiп өте бастаған. Мүмкін,олар бір нәрсенің иісін сезгені болар. Жасырылу мақсатында полк командирі ескертпе дабылдарының жарығын минимумға тусіруін бұйырып, аэронавигациялық оттармен пайдалануға тыйым салды. Тапсырмадан оралып,екі ұшақ бір мезгілде қонатын кезінде, әуеде қақтығысып қалды. Біреуінде Катя Доспанова мен Юля Пашкова болса, басқасында — Лида Свистунова мен Полина Макогон болды. Катяның есінде тек кенеттен сатыр шығып,ұшақтың құлағаны… жерде,сынықтардың астында есін жинады. Айнала тым-тырыс. Катя көмекке айқайлап шақырайын десе, кеудеден тек ыңқылдаған дыбыс шықты. Санасы кайтадан мүнартты. Бірақ, әлдебір миының бір шетінде ой жиналды: өзім жөнінде хабар беруім керек! Ерлігі мен күшінің арқасында Катя тапаншаны қорабынан алып, бірнеше әрекет жасамақ болып еді, қайтадан есінен айырылды. Өлімсіреп, қансырап жатқан Юля Пашкова да әрекет жасап, атқаны сәтті болды.Көп ұзамай, апат болған жерге жедел-жәрдем де келіп жетті. Макогон мен Свистунова мерт болды. Доспанова мен Пашкова дала әскери ауруханасына жеткізілді. Юля операциялық столда көз жұмды. Катяның да тiрлiк белгiлерi болмады, оны құрбысының жанына жіберді. Сосын кездейсоқ оның жансыз бозарыңқылықпен жамылмағанын байқап,жедел құтқаруға барлық шара қолданып және міне -ғажап! — оның кiрпiктерi селк еттi, ол көзiн сәл ашты. Бiрнеше күн мен түн дәрiгерлер оның өмiрімен белдестi. Катяның денесінің жансыздануы басталғандай, аяқтарының ампутациясы туралы мәселе көтерiлдi, дегенмен, бас оташы:

— Жоқ, мен бұл қыздың аяғынан айыра алмаймын! Егер ол есін жинаса, оған аяқтары керек болады! -деп мәлімдеді.

Катя тірі қалды. Ессентукиға оны гипске кісендеулі күйінде алып келді. Шамалы уақыттан соң, рентген көрсеткендей оның жетiлуі терiс жүрдi. Гипсты сындырып, сүйектерін түзеді. Байғұс Катюша! Оның еншісіне сонша ауыртпашылық түсті…

Хиуаздың өзі еске алатын: «Оянсам, ауруханада,қол-аяғым сынған екен. Арқам гипсте. Юля қайда? — деп сұрадым. «Уайымдама, ол жақын жерде». Кейін бұл жұбату үшін айтылған өтірік сөздер екенін білдім.

Хиуаз нұсқауларға керiсiнше, қауіпсіз белдігін тақпағанының себебінен, қақтығыс кезінде кабинадан лақтырылып жіберілді. Ал белдеу қосарланғандардың барлығы қаза болды.

Емнен кейін Хиуаз полкке қайтып оралды, бірақ ұшаққа өзі отыра алмады, тек құрбыларының көмегімен кабинаға отыратын. Ұшып болған соң, өз бетімен ұшақтан шыға алмайтын болғандығынан, жауынгерлік көлікте түнейтін. Қыздың қиналғанын көрген командир, Хиуазды штабқа ауыстырды — Хиуаз байланыс штабының басшысы болды.

Хиуаз Доспанова небәрі 300 рет жауынгерлікпен ұшып шықты. Өзінің полкімен бірге ол Германияға да ұшты.»Түнгі мыстандар» Кубань, Тамань, Новороссийск, Қырым, Белоруссия, Польша егемендіктеріне қатысты.Тек Германия төңірегінің өзінде,қыздардың ұшқан саны 2000-нан асты.Соғыс жылдары ұшқыш қыздар 2 902 980кг бомба, 26 000 жалынды снаряд пайдаланған болатын. Соғыста 32 қыз мәңгілікке көз жұмды…

Хиуаз көптеген марапаттар алғанымен, «Совет Одағының ҚаҺарманы» атағын алмады. Мүмкін тірі қалғандықтан болар…

Хиуаз Оралға 1945 ж, 23 жасында екінші топтағы мүгедек болып оралды. Ол енді ұшпады — авиация,соғыс сияқты артта қалды. Оқуын медицина саласында жалғастырғысы келді, бірақ, оған партиялық қызмет ұсынды. Хиуаз Алматыдағы Жоғарғы партиялық оқу орнына түсіп, өзінің болашақ жолдасы Шаку Амировпен танысты. Екі ұл бала сүйді. Бірақ, кіші баласы екі жасында қайтыс болды.

Оның мансабы жақсы қалыптасты: Қазақстанның ОК ЖЛКО хатшысы, Қазақ ССРы жоғарғы кеңестiң депутаты және бірінші сессияда — Төралқаның хатшысы болды. Алматы горком партиясының хатшы қызметін атқарды. Бірақ, 37 жасында Хиуаз Доспанова зейнетке кетуіне тура келді. Денсаулығының салдарынан деп айтатын.

— Меніңше, анам партиялық жұмысқа келіспеуі керек еді, — дейді ұлы,Сатпаев атындағы ҚазҰТУ мұғалімі Ерболат Амиров. — Ол аңқау, нәзік болатын…мүмкін мұндай жұмыс оған сай болмайтын. Не болғанын білмеймін, анам айтпайтын, бірақ, оған КазМемҚызПу басқаруға шақырғанда ол бас тартты, жәй үй шаруасындағы әйел болып қалды. 50 жастан асқан шағында, екi жарақаттың зардабы бiлiне бастады. Оның серiк-ұшқыштары жұмыс iстедi, сергегiрек, iскер болды. Бірақ, анамның зақымынан көңіл-күйі болмайтындығынан, сұхбат алуға келетін тілшілер анамның мінезі ауыр деп ойлайтын.

2004жылы көзінің тірісінде, «Халык Каһарманы» атағын алды. Хиуаз Алматының ортасында тұрған,қазір үйдің қасбетінде. Дүкендер мен жарнамалық маңдайша жазулардың салдарынан, ескерткіш тақтаны аңғару қиын.

Бұл жерде әлі күнге дейін оның жолдасы (суретте), ұлы және немересі тұрады.

Хиуаз Доспанова соңғы жылдары далаға шықпай, 2008жылда басжамбасын сындырып, көп ұзамай қайтыс болды.

— Апам, соғысты еске алуды ұнатпайтын,- дейді немересі Қанат Шаку.

2010жылы Атырауда ұшқышқа ескерткіш ашылды, Алматыда оның атымен аталған көше пайда болды. Атыраудағы спорт сарайы да Хиуаз Доспанованың есімін алды.Ол жайлы «Хиуаз Доспанова. Рахмет айтып үлгеру» атты деректі фильмі түсірілді.

60-жылдары Хиуаз Доспанова «Соғыс туралы естелік» кітабын жазды. Кітап екі тілде шықты — қазақша және орысша. Әлі күнге дейін ол кітап қайта басылып шықпады.

«Эйр Астана» авиакомпаниясы Хиуаз Доспанованың атын Embraer 190 ұшағына иеленді.

Мадина Искакова