ТҮРКІСТАНДЫҚ “БАТЫР АНАЛАР” ЕЛГЕ ҮЛГІ!

Қазақ қоғамында көпбалалы аналарға деген құрмет қашаннан айрықша. Өзіміз де көпбалалы отбасында өстік, анамыз он құрсақ көтеріп, “Батыр ана” атанды. Жалғыз біз ғана емес, алақандай ауылдың бір көшесіндегі 15 үйдің 11-де “Батыр аналар” ғұмыр кешуде. Сондықтан да мен үшін саналы ұрпақ өсіріп, ұлттың ұпайын түгелдеуге үлесін қосып жүрген алтын құрсақты аналардың орны бөлек.

Дегенмен соңғы кездердегі әлеуметтік көмекке орай ел ортасында әртүрлі оқиғалар орын алып, әрқилы көзқарастардың да айтыла бастағаны көңілге қаяу салғаны анық. Шындап келгенде арагідік масылдық кездесуі мүмкін, алайда ұл-қызын өсіріп, кәсіп ашып, қаншама отбасыларға жұмыс тауып берген көпбалалы отбасылар жетерлік.

 

 

 

Әсіресе Түркістан аймағында. Еліміздегі көпбалалы отбасылардың көптігі жөнінен де бұл өңір көш бастайды. Олардың қатары 90 мыңға жуықтады. Облыста 144 мыңан астам кәсіпкерлік нысаны тіркелсе, соның 46 мыңы әйелдер қауымынан. Биылдың өзінде мемлекеттің қолдауымен 100-ден астам көпбалалы ана өз кәсібін бастаған. Бұдан бөлек “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының оқытуымен 3 мыңан астам әйел-аналарға 1,5 млрд теңгенің гранттары таратылған.
Айта берсе мұндай жарқын мысалдар жетерлік. Бұл дегенміз түркістандық аналардың еңбекқорлығы мен іскерлігінің айқын дәлелі.

Партияның бастамасымен ұйымдастырлған “Батыр ана” көпбалалы іскер әйелдер форумында ісімен үлгі боларлық аналарды ел алдына шығардық. Ойын тыңдап, тәжірибесін бөлісуге мүмкіндік бердік. Түрлі қаржылық ұйымдардан жеңілдетілген несие мен мемлекеттік субсидия, гранттарға қол жеткізудің жолдарын талқыладық. Келер жылы аталған бағытта бірлесе жұмыс жүргізу үшін “Қазақстан іскер әйелдер ассосациясы” Түркістан облыстық филиалының төрайымы Инара Намазбаева xаныммен меморандумға қол қойдық.

 

 

Айта кетейік, тек іскерлік бағыттағы емес, барлық көпбалалы аналарды қолдан келгенше қолдауға әзірміз. Мәселен Түркістан қалалық емxананың бас мейрбикесі Жанат ЕРІНБЕТОВАНЫҢ (1-ші суреттегі) сөзіне де, өзіне де бүкіл залдағылар риза болды. 9 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, xалықты емдеу ісінде абыройлы еңбек етіп жүрген Жанаттай жеңгейлерді нағыз xаным дерсіз.
Алда xалық қалаулыларының ортасында отбасының бабын, істің көзін тапқан ардақты аналардың елдің сөзін сөйлеп жүретіндігі анық.

Бейсен Тәжібаевтың

фейсбук парақшасынан