ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін облыс орталығында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл – жұмыссыздар санын азайту үшін өткен үшінші жәрмеңке.

Жәрмеңкеге 250-ден аса тұрғын келді. Онда 333 мекемеден 941 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың 352-сі – 35 мекеменің қоғамдық негізде, 189-ы – 106 мекеменің тұрақты негізде, қалғаны жеке кәсіпкерлердің сұранысы бойынша жасалды.

Жәрмеңкеде сөз алған қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы жұмыссыз тұрғындар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктен игі нәтиже шығатынын атап өтті. Сонымен қатар, қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Пернебекқызы мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретінін жеткізді.

Айта кетсек, жәрмеңкеде үміткерлердің жаңа жұмыс орындарына орналасқаны туралы толық ақпарат ертең белгілі болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі