Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж. Зұлпыхар және «Jambyl-adaldyk alany» офис жобасының жетекшісі Ш.Баубеков, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Н.Жувандикова жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды.
Меморандум қоғамда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірлескен шаралар ұйымдастыру арқылы әрекет ету мақсатында жасалды. Сондай-ақ, ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына бірлесіп жұмыс жасауға, «Әділдік жолы» РҚБ ЖОФ арқылы тұрмыстық жемқорлықты жоюға және құжат мазмұнында көрсетілген өзара ақпарат алмасуға келісті.