Соғыс ардагеріне пәтер кілтін сыйлады.

 

Ақмола облысының әкімі С.Кулагин Ұлы Отан соғысының ардагері, Республикаға танымал журналист, «Алеф» еврейлер мәдени орталығының төрағасы  Моисей Михайлұлы Гольдбергтің   90- жасқа толуы құрметіне Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылынан 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

 

Ардагерге пәтер кілтін табыстау салтанатында облыс әкімі С.Кулагин қарт майдангерді мерейлі 90 жасқа толумен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Әкім: -– Біздің келешегімізді, өмірімізді сақтап, елін қорғаған батыр майдангерлерімізді ұмытпаймыз. Оларды әр қашан қолдап, көмектесетін боламыз. Бұл- Елбасының тапсырмасы. Майдангерлерімізді ардақтау біздің міндетіміз және айтар алғысымыз шексіз-деді, құтықтау сөзінде.

Құрмет иесіде пәтер сыйлаған әкімге, халқына алғыс білдіріп, ел жұртына бейбітшілік тіледі.DSC_0441

Моисей Михайлұлының отбасы 1941 жылы Украйнадан Ақмола өңіріне  жер аударылады. Соғыс басталғанда соғысқа аттанып, ауыр жарақат әсерінен елге қайтады.

Соғыста ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін»  медальмен наградталады. Елге келген соң Павлодар облыстық « большевистский путь» газетінде тілші болады.  Ол 1953 жылы С.Киров атындағы  Қазақ мемлекеттік университеттің журналистика бөлімін бітіреді. Ол, ұзақ өмірінде өз жазғандарын жинақтап, романға бергісіз, үлкен дүние жасап, елге жариялағаны жайлы  құтықтаушылар сөзінен білдік.

Моисей Михайлұлы 1953 – 1965  жылдары одаққа танымал ТАСС хабар тарату агентігінде аймақтық тілші, одан соң 15 жыл Целиноград облыстық радио торабын басқарыпты.  М. Гольдберг 1975 жылы нәтижелі еңбегі үшін Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген  мәдениет қайраткері атағы берілген.

 

Жасы 90 алқымдасада майдангердің сөзі шұрайлы, дені ширақ көрінеді.

Дахан Шөкшир